«Ашық диалог» порталы. Өтініш беру тәртібі мен функционалы Баспаға шығару нұсқасы
Cоңғы өзгеріс: 22.05.2023«Ашық диалог» порталы мемлекеттік органдар мен қоғам арасында тиімді кері байланысты орнату мақсатында құрылған «Ашық үкімет» жобасының құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады.
Бүгін азаматтардың арасында «Ашық үкімет»-тің ең танымал компоненті «Ашық диалог» порталы болып табылады.
Портал азаматтың мемлекетпен тікелей өзара іс-қимылына мүмкіндік береді. Ол:
- Орталық мемлекеттік органдарының және жергілікті атқарушы органдарының басшыларының блогтарына өтініш жазуға;
- Бейінді тақырыптары бойынша түрлі ведомстволардың интернет-конференцияларына қатысуға;
- Мемлекеттік органдардың ресми сауалнамаларына қатысуға;
Кеңейтілген іздеу және фильтр пайдаланушыларға үш негізгі сервисте (МО басшыларының блогтарында, интернет-конференцияларда, сауалнамаларда) түрлі параметрлер бойынша деректерді жылдам табуға мүмкіндік береді.
«Ашық диалог» сервистерін қолдану
- eGov.kz порталында авторлану қажет – Ашық үкіметтің барлық компоненттері электрондық үкімет порталымен біріктірілген.
- Егер сіз eGov.kz порталында әлі тіркелмеген болсаңыз сізге ЭЦҚ алып тіркеу процедурасынан өту қажет. Осыны жүзеге асыруға сізге "Порталда алғаш рет" бөліміндегі нұсқаулар көмектеседі.
Мемлекеттік органдар басшыларының блог-платформасы
2009 жылы Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің бастамасымен құрылған мемлекеттік органдардың басшыларының ресми блог-платформасы. Азаматтарда орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары және облыстардың әкімдеріне мәселелерімен және ұсыныстарымен жүгіну мүмкіндігі пайда болды.