Айдар парағына өту

Зейнетақы жинақтарын мақсатты пайдалану Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 27.11.2023

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Үкімет зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, қымбат тұратын емге ақы төлеуге немесе жеке басқарушы компанияларға басқаруға беруге пайдалану тәсілдерін әзірледі.

Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, емге ақы төлеуге немесе жеке басқарушы компанияларға басқаруға беруге Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (бұдан әрі – БЖЗҚ) жинақтардың бір бөлігін алып қою құқығы берілетін болады:

  1. БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, «жеткіліктілік шегінен» асатын соманың бір бөлігін пайдалана алатын жұмыс істейтін азаматтар.

Негізгі қағидат – зейнетақы жинақтары азаматтарды жинақтаушы зейнетақы жүйесінен (бұдан әрі – ЖЗЖ) болашақта зейнетақымен қамсыздандыру үшін қажет.

Сондықтан белгілі бір сома шотта қалуы керек. Осы сомадан тыс азаматтар өз таңдауы бойынша жоғарыда көрсетілген қажеттіліктерге пайдалана алады.

  1. Зейнетақысы жоғалған табыс мөлшерінің кемінде      40%-ын (бұрын алынатын жалақы) құрайтын қалыптасқан зейнеткерлер БЖЗҚ-да қалған зейнетақы жинақтары сомасының 50%-на дейін пайдалана алады.
  2. Зейнетақы аннуитетін рәсімдеген және әлі жинақтары бар азаматтарға – БЖЗҚ-да қалған зейнетақы жинақтарының сомасы шегінде.

Бүгінгі таңда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) шеңберінде заңнамалық түзетулер қабылданды.

Осылайша, заңнамалық түзетулер Үкімет БЖЗҚ-дан Мақсатты төлемдерді жүзеге асыру тәртібін белгілейтінін көздейді (оның ішінде салымшылардың жасына, жинақтардың болашақ кезеңдеріне байланысты, жартылай М/Ж бойынша бөлмей, жеткіліктілік шегін есептеу әдістемесі).

«Жеткіліктілік шегі» деп тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен емес ай сайынғы зейнетақыны қамтамасыз ету үшін қажетті міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының ең төмен мөлшері қаралады.

Зейнетақы жинақтарының «жеткіліктілік шегін» айқындау әдістемесі елдегі әлеуметтік-экономикалық және демографиялық жағдайлардың өзгеруін ескере отырып, қайта қаралатын болады.

Көрсетілген әдістеме қолданылған жағдайда:

Мысалы:

25 жастағы азаматтар үшін (туған күні мен айына қарамастан) зейнетақы жинақтарының ең төменгі «шекті» сомасы шамамен 2 090 мың теңгені, 30 жастағылар үшін – 2 500 мың теңгені, 35 жастағылар үшін – 2 940 мың теңгені, 40 жастағылар үшін – 3 420 мың теңгені, 45 жастағылар үшін – 3 930 мың теңгені, 50 жастағылар үшін – 4 470 мың теңгені, 55 жастағылар үшін – 5 060 мың теңгені, ал 59 жастағылар және одан жоғарылар үшін – 5 560 мың теңгені құрайды.

Осы «шекті» сомаларға қол жеткізу ел бойынша орташа айлық жалақы деңгейінде табысы бар тұрақты жұмыс істейтін азаматтар үшін қолжетімді

БЖЗҚ бүгінгідей зейнетақы жинақтарын, оның ішінде зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емге ақы төлеуге мақсатты түрде алып қоюды жүзеге асыратын болады.

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалану тұрғын үй (бастапқы және қайталама нарықта) немесе жер учаскесін сатып алу, ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру немесе өтеу (кез келген екінші деңгейдегі банкте, кез келген бағдарлама бойынша) мүмкіндіктерін және тұрғын үй жағдайларын жақсартудың басқа да нұсқаларын көздейді.

Зейнетақы жинақтарын төлеу есебінен тұрғын үй жағдайларын жақсарту тәртібі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бұйрығымен айқындалатын болады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін нысаналы пайдалану жөніндегі уәкілетті операторлар болып мыналар айқындалды:

  • тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында – «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» акционерлiк қоғамы;
  • бір банктік қарыз шарты шеңберінде жөндеу жүргізе отырып, тұрғын үйді және (немесе) тұрғын үйді сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарна енгізу арқылы тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында;
  • бір банктік қарыз шарты шеңберінде жөндеу жүргізе отырып, тұрғын үйді және (немесе) тұрғын үйді сатып алуға арналған;              
  • ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеу; ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру – екінші деңгейдегі банктер;
  • емдеуге ақы төлеу мақсатында – «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» акционерлiк қоғамы.

Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану тәртібі мынадай:

Зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емге ақы төлеу мақсатында пайдаланғысы келетін адамға ЭЦҚ арқылы Отбасы Банкінің интернет-ресурсында тіркеуден өту және жеке кабинет ашу қажет, онда бұдан әрі тиісті өтініштер (біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану, ЖТС ұстап қалу), ЭЦҚ қойылған келісім (дербес деректерді жинау және өңдеу, уәкілетті операторлардың қажетті сұрау салуларды жүзеге асыруы және т.б.), міндеттемелер (жұбайынан/жақын туысынан жылжымайтын мүлікті сатып алуға мәмілелер жасамау және т. б.) беріледі.

Адам өз жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдаланған жағдайда, соңғылары да ЭЦҚ арқылы Отбасы Банкінің интернет-ресурсында тіркеледі және ЭЦҚ-мен қол қойылатын өз келісімін беретін өзінің жеке кабинетін ашады.

Осылайша, «Covid-19» вирустық инфекциясын жұқтыру қаупімен байланысты қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға, халықтың жүріп-тұруы бөлігінде мерзімді қолданыстағы шектеулерге, сондай-ақ адамдар арасындағы байланысты барынша алып тастауға байланысты жұбайының/жақын туысының зейнетақы жинақтарын пайдалану мәселесі жөніндегі барлық өтініштер, келісімдер, міндеттемелер Отбасы Банкінің интернет-ресурсындағы жеке кабинетте ғана онлайн беріледі, оның ішінде жұбайының/жақын туысының зейнетақы жинақтарын пайдалануға келісімін растау бар.

Бұдан кейін, Отбасы Банкі мен БЖЗҚ арасындағы ақпарат алмасу шеңберінде біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануға арналған өтініш БЖЗҚ-ға келіп түседі, ол кейіннен қажетті тексеруден кейін зейнетақы жинақтарының сұратылған сомасын алушының Отбасы Банкте ашылған арнайы шотына аударады.

Отбасы Банкіне беретін қаражатты мақсатты пайдалану жөніндегі құжаттар тізбесіне келетін болсақ, бұл тізбе уәкілетті оператордың ішкі құжатымен бекітіледі.

Уәкілетті оператор ұсынылған құжаттарды тексереді және олар талаптарға сәйкес келген жағдайда мақсатына байланысты осы қаражатты түпкі алушыға (пәтерді/үйді сатушыға, емдеу көрсететін медициналық ұйымға және т.б.) олардың нысаналы мақсаты бойынша біржолғы зейнетақы төлемдерін аударады. Біржолғы зейнетақы төлемдерімен төлеу (пәтер сатып алу/емделуге ақы төлеу) тек қолма-қол ақшасыз тәсілмен жүзеге асырылады.

Зейнетақы төлемдерін Тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсаттарына пайдалану қағидаларын әзірлеуді және бекітуді Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі айқындайды.

Зейнетақы төлемдерін емге пайдалану тұрғын үй жағдайын жақсартуға ұқсас тәртіппен жүзеге асырылады деп жоспарлануда.

Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемдерін емге пайдаланудың ерекшелігі БЖЗҚ салымшысы (алушысы) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тиісті уәкілетті ұйымына берген өтініш пен құжаттар негізінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі айқындаған аурулар тізбесі бойынша және тәртіппен зейнетақы жинақтарының бір бөлігін төлеу есебінен БЖЗҚ салымшысын (алушысын) емге жіберу үшін диагнозы және құқығы туралы қорытынды берілетін болады.

Салымшы зейнетақы жинақтарын басқаруға беру үшін жеке қаржы компаниясын таңдауды БЖЗҚ-ға өтініш беру арқылы жүзеге асыратын болады.

Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі айқындайтын болады.

Әзірленген тәсілдемелер мен заңнамалық түзетулерді қабылдаудың артықшылығы тұрғын үй мәселелерін шешу, азаматтардың денсаулығын жақсарту, қымбат тұратын медициналық қызметтердің жекелеген түрлеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету, формальды жұмыспен қамтуды ынталандыру, кірістерді «көлеңкеден» шығару, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің сенімділігі мен тартымдылығын арттыру болып табылады.

 

Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын мақсатты пайдалану үшін қолжетімді соманы қалай тексеруге болады https://www.enpf.kz/kz/services/withdrawal/withdrawal-check.php сілтемесі бойынша таныса аласыз.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.