Айдар парағына өту

Жарнаманы көшелерде орналастыру үшін қалай рұқсат алуға болады Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 19.11.2020

Жарнама – бизнесті ілгерілету және өз қызметіне назар аударту үшін арналған құрал. 

Әдетте мейлі онлайн немесе оффлайн болсын жарнаманы қандай болса да алаңшада орналастыру үшін белгілі бір төлем талап етіледі. Егер әңгіме қала көшелері мен жол бойындағы сыртқы жарнама жайында болса, онда Сізге Әкімдіктен оны орналастыру үшін де рұқсат алу қажет болады.  

Сыртқы жарнаманы орналастыру үшін қойылатын шарттар мен талаптар​

Сіз ғимараттың сыртына орналастырғыңыз келетін ақпарат егер жарнамалық сипатта болса, яғни  тауарды сатып алуға, жұмыс немесе қызметке шақыратын сипатта болған жағдайда  жарнамаға рұқсат алу қажет болады. Бағасын, мекенжайын, электрондық поштасын, сайт және телефонның байланыс нөмірлерін көрсету жарнама деп  танылады.

Маңдайша жазуында, сөрелер мен терезелердің ішкі ресімделуінде, жұмыс режимі туралы ақпаратта ерекшелік болады.

Жарнама екі тілде болуы тиіс: мемлекеттік және орыс тілдерінде. Мәтіндер келесі тәртіпте орналастырылады: сол жақ немесе жоғарыда - мемлекеттік тілде,   оң жақ немесе төменде – орыс тілінде, әріп көлемі бойынша бірдей жазылады. 

Егер Сіз жарнамалап отырған қызмет лицензиялауға жататын болса,  онда лицензияның нөмірі мен берілген күнін және осы лицензияны қай орган бергенін  көрсету қажет.

Қандай жарнамаға тыйым салынады?

  • Емшек сүтін алмастырғыштар, электрондық казино, интернет-казино,   темекі және темекі өнімдері, этиль спирті мен алкоголь өнімдері, қаржы (инвестициялық) пирамида қызметі туралы жарнамаға тыйым салынады.
  • Жарнама қоғамда дүрбелең туғызбауға, жеке тұлғаларды агрессияға бастамауға,сондай-ақ құқыққа қарсы өзге де әрекеттi (әрекетсiздiктi) қоздырмауға тиiс.
  • Жарнама жолдың көлік-пайдалану сапасын төмендетпеуі, көлік құралдарының қозғалыс қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау талаптарын бұзбауы, жол белгiлерiне және нұсқағыштарға ұқсас болмауы, олардың көрiнуiн немесе қабылдау тиiмдiлiгiн нашарлатпауы, жол пайдаланушылардың көзін қарықтырмауы, жол белгісінде, оның тірегі немесе қозғалысты реттеуге арналған кез келген басқа құрылғыда орналаспауы, жол қозғалысын реттеу құралдарын көруді нашарлатпауы немесе олардың тиімділігін төмендетпеуі, ішкі және сыртқы жарықтандыруда жол белгілерінің фотометриялық сипаттарынан жоғары бейнелеу бөлшектерінің жарықтығына ие болмауы, жасанды жарықтандыруы жоқ жол белгілері бар жолдардың учаскелерінде тәуліктің қараңғы уақытында жарықтандырмауы, көлік айналымы, автомобиль жолдарының қиылыстары мен қосылу, теміржол өтпелері мен жасанды құрылыстар көрінетін есептік қашықтықтан жақын аймақта орналаспауы тиіс.
  • Жосықсыз, өтірік, көрінеу жалған, жасырын, әдепсіз жарнамаға тыйым салынады.
  • Мәдениет және тарих, өнер ескерткіштеріне, мемлекеттік мекемелерде Жарнама орналастырылуға жол берілмейді.

Жарнаманы орналастыруға келісім алу:

Сыртқы жарнаманы орналастыруға келісім алу онлайн-қызмет арқылы тегін жүзеге асырылады.

Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық және  республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдары  бұрмасы жолағында орналастыруды келісу

– Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін облыстық және аудандық  маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдары бұрмасы жолағында орналастыруды келісу

Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін облыстық және аудандық  маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдары бұрмасы жолағында орналастыруды келісу

Онлайн-өтінім берген кезде өлшемімен бірге сыртқы жарнама объектісі  сызбасының электрондық көшірмесін қоса беру қажет.

Өтінім бергеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуге жазбаша келісім немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап келеді.

Сыртқы жарнаманы орналастыру үшін төлем мөлшері қандай және оны қашан төлейді​

Жарнаманы орналастыру үшін ай сайынғы төлем сомасы жарнама көлемі мен оның орналасқан орнына байланысты.

Сыртқы жарнаманы орналастыруға арналған ай сайынғы базалық төлем мөлшері Салық кодексінің 605-бабында көрсетілген.

Төлем сомасы  ағымдағы айдың 25 күнінен кеш емес мерзімде ай сайын төленеді. Бұл ретте жарнама беруші сыртқы жарнаманы орналастырудың   алғашқы айында салықты хабарлама жіберілгенге дейін ерте төлеуі тиіс. 

Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың  жергілікті атқарушы органдары хабарлама жіберген кезде төлем төлеушілер бюджетке сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырудың алғашқы айы үшін төлем сомасын енгізгенін растайтын құжатты қоса береді.

Төлем сомасы бюджетке сыртқы жарнаманы орналастыру орны бойынша төленеді.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.