Айдар парағына өту

Сырттай оқудың жойылуы Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 18.09.2023

2018 жылдың 4 шілдесінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды, ол жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін кезең-кезеңмен кеңейтуді көздейді.

Заңға сәйкес Қазақстанда сырттай оқу 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тоқтатылды. 

Бұдан басқа, жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларын меңгеру мерзімі алынып тасталды. Тиісінше, жоғары оқу орындары бакалавриат бағдарламасын жеделдетілген режимде аяқтауды көздейтін оқыту нәтижелерін ескере отырып, икемді және интеграцияланған білім беру бағдарламаларын әзірлейтін болады.

Сонымен қатар, жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқу құнын реттейтін норма алынып тасталды, ол азаматтардың жоғары білім алуға қол жеткізуін кеңейтуге бағытталған. Осыған байланысты, білім беру бағдарламалары бойынша оқу төлемінің мөлшері мен білім беру қызметтерін көрсету шартының нысанын жоғары оқу орындары дербес бекітеді.

Бүгінгі таңда еліміздің барлық жоғары оқу орындарында қашықтан оқыту қолданылады.

Қазақстанда қашықтан оқыту – педагог пен білім алушылардың қашықтан, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып өзара іс-қимыл жасауы кезінде жүзеге асырылатын оқыту.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен қашықтықтан оқытуды ұсыну бойынша білім беру ұйымдарына қойылатын талаптар және қашықтықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары бекітілді.

Педагогикалық ғылымдар, құқық, хореография, аспаптық орындау, авиациялық техника мен технологиялар, құрылыс, теңіз техникасы мен технологиялары, денсаулық сақтау, әскери іс, ветеринария сияқты даярлық бағыттары бойынша пәндердің 20%-ы қашықтан оқытуды реттеу бойынша нормалар енгізілді.

Қалған бағыттар үшін 50%-ға дейін пәндерді қашықтықтан оқу қарастырылған.

Қашықтан оқыту білім алудың перспективті тәсілі болып табылады. Қашықтан білім берудің тиімді жүйесін құру халықтың едәуір бөлігі үшін сапалы білімнің қолжетімділігін арттырады, білім алушылардың техникалық дағдыларын дамытады, заманауи техникалық құралдарды, электрондық кітапханаларды және т. б. пайдалану есебінен оқыту сапасын жақсартады.

Оқытудың жаңа нысаны – онлайн оқыту енгізілді. Онлайн-оқыту нысанын енгізу білім беру қызметтері нарығында, оның ішінде шетелдік студенттер үшін жоғары оқу орындарының тартымдылығын арттыруға, оқу корпустары мен жатақханаларды күтіп-ұстауға арналған қаржылық шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді.

Онлайн-оқыту сонымен қатар жасанды интеллект пен виртуалды шындықты қолдана отырып, жаңа буынды оқытуға мүмкіндік береді және елдегі заманауи цифрлық білім беруді дамытуға серпін береді.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.