Дипломды қалпына келтіру Баспаға шығару нұсқасы
Cоңғы өзгеріс: 11.03.2026Пайдалы сілтемелер:

Білім туралы диплом немесе аттестат жоғалған жағдайда не істеу қажет
Білім туралы құжаттар адам өміріндегі негізгі құжаттардың бірі болып табылады. Олардың болуы жұмысқа орналасу кезінде немесе оқуды жалғастыру барысында ерекше маңызды.
Дипломның немесе аттестаттың жоғалуы жұмысқа орналасуды немесе әрі қарай білім алу үшін оқуға түсуді уақытша қиындатуы мүмкін. Алайда мұндай құжаттарды қайта қалпына келтіруге болады.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын аяқтағаны туралы дипломды қалпына келтіру тәртібін қарастырайық.
Негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың телнұсқалары және оларға қосымшалар (бұдан әрі – телнұсқа) жоғалған немесе бүлінген құжаттардың орнына, сондай-ақ, өзінің тегін (атын, әкесінің атын (болған жағдайда) өзгерткендерге беріледі.
Құжаттың телнұсқасын беру үшін мыналар негіздеме болып табылады:
- құжатын жоғалтқан немесе бүлдірген білім алушының (заңды өкілінің) немесе кәмелет жасқа толмаған баланың ата-анасының (заңды өкілінің) білім беру ұйымы басшысының атына оның мән-жайы баяндалған жазбаша өтініші;
- білім алушының туу туралы куәлігі немесе жеке куәлігі (паспорты) және (немесе) цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаты (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
- тегі (аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген және білім туралы құжат бүлінген жағдайда білім туралы құжаттың түпнұсқасы қоса беріледі.
Негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың телнұсқасын алу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және электрондық цифрлық қолтаңбасы жоқ жеке тұлғалар өз бетінше білім беру ұйымына жүгінуі қажет.
Телнұсқа өтініш берілген күннен бастап 15 жұмыс күнінен кешіктірілмей тегін негізде беріледі.
Білім беру ұйымы таратылған жағдайда
Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары жабылған кезде жеке тұлғалар білім беру ұйымының тұрғылықты орны бойынша архивке жүгінеді. Мемлекеттік архивтер мен олардың филиалдары, ведомстволық және жекеменшік архивтер берген көшірмелер мен үзінділер түпнұсқалық заңды күші бар ресми құжаттар болып табылады.
Құжаттардың телнұсқалары телнұсқа беру туралы шешім қабылданған сәтте қолданыста болған үлгідегі бланкілерде беріледі және оларға білім беру ұйымының басшысы, оның оқу ісі жөніндегі орынбасары қол қояды.
Берілетін құжаттың бланкісінде жоғары оң жақ бұрышында "Түпнұсқаның орнына берілген № ______ телнұсқа" деген мөртаңба қойылады.



