Үшінші тұлғамен анықтама алу сервисі арқылы анықтаманы басқа адамның атына қалай алуға болады Баспаға шығару нұсқасы
Cоңғы өзгеріс: 06.06.2022Жеке тұлға eGov.kz порталында басқа адамның атына электрондық анықтаманы алуға мүмкіндігі бар. Ол үшін ЭЦҚ-ны қолданбай-ақ бір реттік SMS-пароль арқылы порталға кіріп, сұранысқа қол қою жеткілікті.
«Анықтамасыз қызметтер» жобасын іске асыру шеңберінде пилоттық режимінде үшінші тұлғамен анықтама алу қызметі осы жылдың қаңтар айында іске қосылды.
Бұл процесс қазір қалай өтеді?
Мүдделі тұлға порталға кіріп, «Үшінші тұлғамен анықтама алу сервисі» бөлімін таңдап, анықтамасы қажет болатын адамның ЖСН-ын енгізеді. Егер сол азамат азаматтардың мобильдік деректер қорында тіркелген болса, мүдделі тұлға анықтаманың қажетті түрін таңдап, сұрау салуды бір реттік SMS пароль арқылы растайды.
Бұдан кейін азаматқа порталдың Жеке кабинеті мен SMS хабарлама арқылы 2 сағат ішінде анықтаманы алуға рұқсат беру немесе бермеу жөнінде хабарлама жіберіледі.
Ол рұқсат берген жағдайда мүдделі тұлғаның Жеке кабинетіне осы анықтама түседі.
Ескерту: егер азаматтың атына анықтаманы алуға заңды тұлға немесе мемлекеттік орган сұраныс жасаса, олар оны өзінің ЭЦҚ-сымен растауы қажет екенін атап өтеміз.
Үшінші тұлғалар сіздің атыңызға eGov порталы арқылы қай анықтамаларды алуға сұраныс жасай алады?
- Тұрғылықты жерінен мекен-жай мәліметтерін беру
- Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтама беру
- Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама беру
- Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы анықтама беру
- Сотталғандығы болуы немесе болмауы туралы анықтама беру
- Тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет
- Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жататынын растайтын анықтама беру
- Наркологиялық ұйымда есепте тұруы/тұрмауы туралы анықтама
- Психоневрологиялық ұйымда есепте тұруы/тұрмауы туралы анықтама
- Туберкулезге қарсы ұйымда есепте тұруы/тұрмауы туралы анықтама
- Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама беру
- Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат
- Жеке тұлғаның салық міндеттемелерін орындау жөніндегі бюжетпен есептесу жағдайы туралы жеке есеп-шоттан үзінділерді беру
- Мемлекеттік жер кадастрынан мәліметтер беру
- Медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне аударылған ақша бөлу сомалары жарналар туралы ақпарат беру
- Жылжымайтын мүліктің меншік иесі (құқық иесі) туралы мәліметті қамтитын техникалық паспортқа қосымша
- Азаматтың әскери қызметке қатынасы туралы анықтамалар беру
- "Болашак" халықаралық стипендиясы иегерінің беделі туралы анықтама беру
- Жылжымайтын мүлікке құқықтың тіркелгені және тоқтатылғаны ЖТ анықтама алу
- Есебі мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәлiметтердi беру
- Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайларын анықтау бойынша анықтама беру
Осы қызметті пайдалану үшін Азаматтардың мобильдік деректер қорында тіркелу қажет. Ол үшін пайдаланушы электрондық үкімет порталының «жеке кабинетіндегі», «телефон» сызық жолына телефон нөмірін енгізіп, осылайша өзін eGov.kz порталындағы mGov мобильдік қорында тіркеу немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-офистарына (ХҚКО/арнайы ҚКО) жүгініп, телефон нөмірін ЖСН-ге бекітуі керек екенін естеріңізге саламыз.