Айдар парағына өту

Көршілермен жанжал: тыныштықты бұзу, кіреберісте темекі шегу немесе су басу кезінде не істеу керек Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 03.04.2020

№ 1 Жағдай. Егер көршілер түнгі уақытта шуласа не істеу керек

Пәтерді жөндеу, көңілді отырыстар, қатты музыка, беймаза үй жануарлары – осының барлығы Әкімшілік кодекстің бабының бұзылу себебі бола алады. Үнемі емес, тек түнгі уақытта – түнгі 11-ден таңғы 6-ға дейінгі кезеңде.

Егер сіз жоғарыда айтылған жағдайлардың бірімен бетпе-бет келсеңіз, не істеу керек? Бірінші кезекте өзіңіздің көңіліңіз толмаушылығын ауызша нысанда айтыңыз, мысалы, жөндеу жұмыстарын келесі жұмыс күніне дейін тоқтата тұруды сұраңыз. Егер ауызша өтініштен кейін шу басылмаса, аталмыш жағдайда құқықтық тәртіп қызметінің көмегінсіз мүмкін емес.

ҚР Әкімшілік кодексінің «Тыныштықты бұзу» 437-бабына сәйкес: Жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергi келтiретiн, түнгi уақытта (сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн) тыныштықты бұзу, оның iшiнде тұрғын үй-жайларда және олардың сыртында шұғыл қажеттiлiкпен байланысы жоқ шу шығаратын жұмыстарды жүргiзу –  жеке тұлғаларға – 5, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 10, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 15, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 50 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол әрекет – жеке тұлғаларға – 10, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 20, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 30, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 90 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Сіз қалалық телефоннан 102, ұялы телефоннан 112 нөмірі бойынша қоңырау шалып полицияға жүгініп, учаскелік инспекторды шақыра аласыз. Инспектор әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы осындай істерді ҚР ӘҚБК (Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодекс) 685-бабының 2-тармағына сәйкес қарауға және ҚР ішкі істер органдары атынан әкімшілік жаза қолдануға құқылы. 

№ 2 жағдай. Егер көршілер саты алаңында шылым шексе 

2009 жылғы 9 қазаннан бастап қоғамдық орындардағы пассивтік шылым шегуден қазақстандықтарды қорғауды көздейтін «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс күшіне енді.

Пассивтік шылым шегу (мәжбүрлі шылым шегу) – басқа адамдардың шылым шегу өнімдері қамтылатын қоршаған ауаны жұтуы, ереже бойынша жабық ауада бөлмеде.

Жанып тұрған темекі өзінің «қысқа өмірі» ішінде бүйірлік түтін ағынының (шылым шегушілер рақаттанатын басты ағыннан басқа) көзі болып табылады, ол пассивтік шылым шегуге және зиянды заттарды жұтуға мәжбүр болған айналадағыларға әсер етеді.

Шылым шегуде шылымның темекі түтінінің зиянды заттарының 25 % жанады,  25 % шегушілер жұтады, 50 % бөлмедегі ауаны улайды

ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексінің 159-б. 5-т. 10 тармақшасына сәйкес – темекі шегуге үй кіре берістерінде, сондай-ақ білім беру ұйымдарында, сондай-ақ кәмелетке толмаған адамдардың демалуына арналған ұйымдарда, денсаулық сақтау ұйымдарында, қоғамдық тамақтану орындарында, кинотеатрларда, театрларда, цирктерде, концерт, көру және көрме залдарында, спорт ареналарында және көпшіліктің демалуына арналған басқа да жабық ғимараттарда, соның ішінде түнгі клубтарда, дискотекаларда, мұражайларда, кітапханаларда және лекторийлерде, поездар мен теңіз және өзен көлігі кемелерінде белгіленбеген жерлерде, әуе кемесінің бортында, жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автобустар, шағын автобустар, троллейбустар, таксилер және қалалық рельстік көлік салондарында, әуежайлардың, темір жол, автомобиль және су вокзалдарының ғимараттарында, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда, жұмыс орындары болып табылатын үй-жайларда тыйым салынады.

ҚР Әкімшілік кодексінің 441-бабына сәйкес, айыппұл 3 АЕК құрайды.

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет 6 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Шылым шектеуді бақылау ішкі істер органдарына жүктелген, сол себепті бұзушылық жағдайында сіз тиісті өтінішпен полицияның жергілікті бөліміне жүгіне аласыз.

№ 3 жағдай. Егер көршілер пәтерді су астында қалдырса

Сіздің үстіндегі көршіңіз су астында қалдырса не істеу керек? Сары дақ, төбеден түскен сылақ, жарамсыз жағдайға келген түсқағаздар – міне бұл тек келеңсіз салдарлардың бірнешеуі ғана. Тұрғын иелерінің алдында бұл жағдайларда  қос мәселе туындайды, себебі жоспарланбаған жөндеуден басқа көршілерге өтемақы төлету бойынша процесті бастау қажет, оның үстіне айыптылардан ақшаны өтеткізіп алу өте қиын. Не істеу керек және өтемақының барабар сомасын, кем дегенде нақты шығынға қандай да бір дәрежеде сәйкес келетін соманы алуға бола ма?

Іс жүзінде көршілерге мәселені бейбіт түрде шешу қиынға түседі және даудағы нүктені сот қояды.

Тигізілген зақымдарды «қағазда» бекіту қажет, яғни сіз бағалау компаниясының қызметкерін шақыра аласыз, ол су басу туралы актіні құрайды. Су басу туралы актіні құрастыру – бұл өз мүлкіңді қалпына келтіру үшін күрестің маңызды кезеңі десе де болады. Бұл құжатпен сіз сотқа жүгіне аласыз.

ҚР Азаматтық кодексінің 917-б. 1-тармағына сәйкес: Азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлiктiк немесе мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарына заңсыз iс-әрекеттермен (әрекетсiздiкпен) келтiрiлген (мүлiктiк және (немесе) мүлiктiк емес) зиянды, оны келтiрген тұлға толық көлемiнде өтеуге тиiс.

Бірақ егер көрші тигізілген зиян оның кінәсы бойынша жасалмағанын дәлелдесе, онда ол оны өтеуден босатылады. Сәйкесінше, сізге сіздің жағдайыңыздағы бірінші себепте іздеуге және шығынды айыптыдан өтеткізіп алуға тура келеді.

№ 4 жағдай. Егер көршілер пәтерін «жалға берсе»

Заң бойынша меншік құқығы осы мүлікке иелік ету құқығын білдіреді. Кез келген пәтер иесі оны жалға беруге құқылы. Заңнама аталмыш жағдайда пәтер иесінен оны тек жеке кәсіпкер ретінде міндетті тіркеуді және пайдадан салықты төлеуді талап етеді.

Егер көршілер пәтерді заңсыз жалға берсе, онда аталмыш жағдай туралы сіз салық инспекциясына хабрлай аласыз. ҚР Әкімшілік кодексінің 275-бабына сәйкес «Салық салу объектiлерiн жасыру»:

  1. Салық төлеушiнiң салық салу объектiлерiн жасыруы – жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға, орта кәсіпкерлік субъектілеріне, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жасырылған салық салу объектiсi бойынша төленуге жататын салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасының 150 % мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
  2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) – жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға, орта кәсіпкерлік субъектілеріне, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жасырылған салық салу объектiсi бойынша төленуге жататын салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасының 200 % мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Егер пәтерді жалға алушылар үйде тұратын азаматтардың тыныштығын бұзса, онда бұл жағдайда зардап шеккен тарап бұзушыларға полицияға өтінішпен жүгіне алады.

№ 5 жағдай. Егер көрші пәтерге жанама құрылыс немесе жеке бизнес жасаса

Егер сіздің көршіңіз өзінің пәтерінде жанама құрылыс жасаса немесе жеке бизнесті ашуды шешсе, «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР заңы   негізінде ол мынадай талаптарды сақтау керек:

  1. Тұрғын емес ғимараттар тұрғын бөлмелерден оқшаулануы және ортақ есікке (шығуға) ие болмауы тиіс.
  2. Тұрғын үйді пайдалану оны бұзуға немесе бүлдіруге әкелмеуі, басқа тұрғындардың тұру шарттарын бұзбауы, қоршаған ортаға шығын тигізбеуі тиіс. 
  3. Тұрғын үйдегi тұрғын үй-жайлар мен тұрғын емес үй-жайларды қайта жабдықтау мен қайта жоспарлауды үй-жай иесiнiң келiсiмiмен және жобаның құрылыс нормалары мен ережелерiне сәйкес келуiне жауап беретiн жеке немесе заңды тұлға орындаған жоба болған жағдайда жүзеге асыруға болады. Тұрғын емес үй-жайлар тұрғын үй-жайлардан оқшау болуға тиіс және ортақ кіру (шығу) есігі болмауға тиіс. Жобаның мiндеттi талаптарға сәйкестiгiн Қазақстан Республикасының заңдарында  белгiленген тәртiппен сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган растайды.

Үй-жайларды қайта жабдықтау және қайта жоспарлау жөнiнде нақты атқарылатын жұмыстардың жобаға сәйкестiгi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен меншiк иесi мен жұмысты атқарушы жауап бередi.

  1. Үй-жайларды (пәтерлерді) өзгерткен (қайта жабдықтаған, қайта жоспарлаған) кезде тұрғын үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жалпы санының кемінде үштен екісінің міндетті жазбаша келісімі, мынадай:
    1. өзгерістер салмақ түсетін конструкцияларды қозғайды;
    2. өзгерістер жалпы мүлікті қамтиды.

Жоғарыда аталған өзгерістер өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас басқа да үй-жайлар (үй бөліктері) меншік иелерінің ғана мүдделерін қозғаған жағдайда, тек аталған адамдардың ғана жазбаша келісімін алу талап етіледі.

Көршіге заңды ықпал ету үшін сіз Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және аудандық прокуратура басқармасына жүгіне аласыз.

"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" ҚР Заңының 25-бабының 1-тармағының нормаларына сәйкес құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу, кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу), қалпына келтіру және күрделі жөндеу туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, құрылысты (объектіні) консервациялау, қалалық маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау әкімдіктің құзыретіне жатады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 319-бабына сәйкес: Өндiрiстiк, тұрғын үй, шаруашылық, гидротехникалық (су шаруашылығы) немесе тұрмыстық объектiлердi жерге тиісті құқықсыз заңсыз салу, заңсыз тұрғызылған немесе тұрғызылып жатқан құрылысты мәжбүрлеп бұза отырып не онсыз,

1) жеке тұлғаларға – 15 АЕК;

2) лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 30 АЕК

3) орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 50 АЕК

4) iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 200 АЕК  мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.