Кіріс және мүлік туралы декларацияда жариялануға жататын мәліметтер тізімі Баспаға шығару нұсқасы
Cоңғы өзгеріс: 09.01.20261. Жалпы ережелер
Аталған ұсыныстар Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 11-бабының 9-тармағын орындау мақсатында және 2025 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының № 26 «Жарияланатын ақпарат тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (әрі қарай – Тізбе) әзірленді.
2. Құрылымы, деректердің көзі және толтыру үлгісі
|
№ п/п |
Тізімнің бөлімінің атауы |
Толтыру үлгісі |
|
1 |
Жеке тұлғаның дербес салық салуға жататын кірістері туралы мәліметтер
|
Лауазымды тұлға бойынша: 1) жалпы кіріс сомасы __________________; 2) декларацияны тапсырған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда). 1) жалпы кіріс сомасы __________________; 2) жұбайының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда).
|
3. Толтыру барысындағы ерекшеліктер
- Тізімнің тармақтарын толтырғанда 270-ші салық формасының келесі мәліметтері пайдаланылады: (Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 927 бұйрығымен бекітілген): «B» бөлімі - «Жеке тұлға өздігінен салық салуға жататын табыстары туралы мәліметтер» пайдаланылады (А–К жолдары қолданылады).
- Егер Тізілімнің тармағына сәйкес көрсетілетін табыс болмаған жағдайда, аталмыш мәліметтерді жариялау жүргізілмейді.
- Жұбай туралы мәліметтерді қамтитын бөлімдерді толтырғанда, жұбайының жеке декларациясындағы ақпарат пайдаланылады (ұсынылған жаңдайда).



