Айдар парағына өту

Жұмыстан шығарудағы, өндірістік жарақат кезіндегі төлемдер және жұмыс берушінің басқа да міндеттемелері Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 01.10.2020

viplaty_pri_uvolnenii.jpg

ҚР заңнамасы бойынша еңбек қатынастары ең алдымен еңбек шартын жасасуды қарастырады. Осы шарт бойынша жұмыскер мен жұмыс беруші Еңбек кодексінің нормаларын сақтағаны үшін ортақ жауапкершілікті артады.

Осы мақалада біз ҚР заңнамасында көзделген, жұмыс берушіден жұмыскерге төленуге жататын төлемдерді, сондай-ақ жұмыс берушінің жалдаған жұмыскер алдындағы міндеттемелерін қарастырамыз.

Жұмыстан шығарудағы төлемдер

Жұмыс орнынан айырылу: жұмыс берушінің бизнесі қысқартылған және таратылған кезде    
 

ҚР Еңбек кодексінің 131 бабына сәйкес жұмыс беруші заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші жеке тұлға қызметін тоқтатқан жағдайда, жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған кезде;  жұмыскерлердің саны немесе штаты қысқартылған жағдайда, жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған кезде; жұмыс беруші еңбек шартының талаптарын орындамаған жағдайда жұмыскердің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған кезде бір айдағы орташа жалақы мөлшерінде жұмысынан айырылуына байланысты өтемақы төлемдерін жүргізеді.

Жұмыс беруші жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндіріс, орындалатын жұмыстар және көрсетілетін қызметтер көлемі азайған жағдайда, жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған кезде екі айдағы орташа жалақы мөлшерінде жұмысынан айырылуына байланысты өтемақы төлемдерін жүргізеді. 

ҚР Еңбек кодексінің 96 бабына сәйкес Еңбек шарты тоқтатылған кезде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын (жыл сайынғы еңбек демалыстарын) пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының (жыл сайынғы еңбек демалыстарының) пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі.

Орташа жалақыны есептеу «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығымен бекітілген  Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

Жалақыны төлеу кідіртілген кездегі төлемдер

Өндірістік жарақат (еңбекке уақытша қабілетсіздік) бойынша төлемдер

Түнгі уақытта, мереке және демалыс күндері жұмыс істегені үшін, үстеме жұмысқа ақы төлеу

 

Жүктілікке немесе босануға  байланысты жұмыс берушіден төленетін төлемдер мөлшері туралы осында  білуге болады. 

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.