Қазақстан Республикасы IIM Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының қызметі туралы ақпарат Баспаға шығару нұсқасы
Cоңғы өзгеріс: 28.01.2026Сондай-ақ қараңыздар:
Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы жоғары білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес күндізгі оқыту нысанында «Құқық қорғау қызметі» және «Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл» мамандығы бойынша ІІО сотқа дейінгі тергеп-тексеру, IIО жедел-криминалистикалық қызметі, киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша жедел-іздестіру қызметі білім беру бағдарламалары бойынша оқытады (криминалистикалық зерттеу өндірісіне 7 рұқсатнама алумен: дактилоскопиялық; трасологиялық; баллистикалық; суық қаруды зерттеу, портреттік, қолжазба және құжаттарды техникалық зерттеу).
Оқыту басымдықтары:
- Мемлекеттік тапсырыс негізінде оқуға қабылдау және оқыту. Жайлы жабдықталған жатақханада тұру, шәкіртақы алу, тамақпен, заттай қамтамасыз ету, каникулдық демалыс кезеңінде қалааралық көліктер (таксиден басқа), су және теміржолмен тұрақты тұратын жеріне бару және кері қайту жолақысының құны төленеді.
- Күндізгі оқыту нысаны бойынша толық курсты бітіргендер үшін - оқу уақыты мерзімді әскери қызметті өткерумен теңестіріледі.
- Түлектерді тапсырысқа сәйкес қызмет өткеру жолдамасымен жұмысқа орналастырылады.
- Оқу аяқталғаннан кейін түлектерге "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс бакалавры" біліктілігі беріле отырып, белгіленген үлгідегі диплом және Ішкі істер министрінің бұйрығымен «полиция лейтенанты» арнаулы атағы беріледі.
Оқуға түсу тәртібі:
Құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға орта білімі бар, он алты жасқа толған адамдар қабылдана алады.
16 мамыр мен 7 шілде аралығында тұрғылықты жері бойынша ұлттық тестілеу орталығының базасында ҰБТ өткізіледі.
Талапкерлер ҰБТ тапсыру кезінде Қазақстан Республикасы БҒМ 2017 жылғы 2 мамырдағы №204 бұйрығымен бекітілген ҰБТ өткізу қағидаларының 5-қосымшасына сәйкес кез келген нұсқада (шығармашылық емтиханнан басқа) екі бейінді пәнді өздігінен таңдай алады.
Конкурсқа қатысу үшін ҰБТ бойынша кемінде 50 балл, оның ішінде әрбір пән бойынша кемінде 5 балл, ал математикалық сауаттылық және оқу сауаттылығы пәндері бойынша кемінде 3 балл жинауы қажет.
Құжаттар оқуға түсетін жылдың 1 шілдесіне дейін Академия ресурсы – ресми интернет (kpa.edu.kz) немесе тұрғылықты жері бойынша Полиция департаменті арқылы қабылданады.
Медициналық куәландырудан, арнайы тексеруден және ҰБТ-дан сәтті өткен жағдайда оқуға үміткерлер медициналық, дене және психофизиологиялық көрсеткіштер бойынша іріктеу нәтижелерін ескере отырып, ҰБТ қорытындысы бойынша сертификат балдарына сәйкес конкурсқа қатысу үшін Академияға шақырылады.



