Айдар парағына өту

Жастарға және/немесе ересектерге арналған онлайн оқу курстарының болуы Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 16.06.2021

онлайн оқу курстары2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандық жоо-да сырттай оқу нысаны жойылды.

Жоғары оқу орындары күндізгі оқу базасында қашықтықтан оқыту технологияларына көшті және икемді кесте бойынша құрылатын part time (ағылш. аударғанда жартылай уақытты білдіреді) жүйесін пайдаланатын болады. Яғни студент оқуға өзінің бос уақытын, көбінесе кешкі немесе демалыс күндерін бөледі, сонымен қатар оқу қашықтықтан өтеді, скайп-байланыс арқылы, электрондық пошта арқылы консультация алуға болады.

Қазақстанда қашықтықтан оқыту – жоғары оқу орнына күнделікті міндетті түрде бармай-ақ жоғары білім алудың бір түрі. Оның көмегімен жаңа біліктілікті арттыруға немесе алуға болады.

Жоғары оқу орнына жоғары немесе орта арнаулы білімі бар тұлғалар түсе алады. Оқу кезеңі, әдетте, екі жылдан үш жылға дейін созылады.

Қашықтықтан білім беру технологиясы білім алудың перспективалық тәсілі болып табылады. Қашықтықтан білім берудің тиімді жүйесін құру халықтың едәуір бөлігі үшін сапалы білімге қол жетімділікті арттырады, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін білім беру мәселелерін шешуге жәрдемдеседі және күндізгі оқу нысанында білім алуға мүмкіндігі жоқ облыс тұрғындарының барынша толық қамтуға жәрдемдеседі.

Қашықтықтан оқытудың артықшылықтары

  • Қазақстан Республикасында және шетелде бір мезгілде оқу мүмкіндігі,
  • ерекше қажеттіліктері бар білім алушылар санын арттыру,
  • жұмыс орнында таңдаған мамандығы бойынша практикалық тәжірибе ала отырып оқуды біріктіру мүмкіндігі.

Бүгінгі таңда Қазақстанның ашық университеті (Open University) платформасы жұмыс істейді. Бұл платформаға 116 жоғары оқу орны қосылды. Қазіргі уақытта философия, математика, бағдарламалау, Ақпараттық технологиялар және бизнес бойынша курстар қолжетімді, сондай-ақ "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасы аясында аударылған 47 оқулық негізінде әзірленген бейне-дәрістер орналастырылған. ЖОО-ның жетекші қазақстандық және шетелдік оқытушыларынан онлайн курстарға қол жеткізу тегін.

Білім беру порталының міндеті жоғары оқу орнында кез келген білім алушыға елдің жетекші профессорлары мен оқытушыларының курстарынан еркін өту мүмкіндігін беру болып табылады.

Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдана отырып, елдің жоғары оқу орындары

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша:

  • ЕАГИ, Еуразия гуманитарлық институты
  • Қаржы академиясы
  • КазАТУС.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  • КазГЮУҚазақ гуманитарлық заң университеті
  • КазТБУҚазақ технология және бизнес университеті
  • ҚазЭҚХСУҚазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
  • Тұран университеті
  • Қайнар Академиясы

Алматы қаласы бойынша:

  • АТУ, Алматы технологиялық университеті
  • КазАТиСО, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы
  • ҚҚЖУ, Қазақ қатынас жолдар университеті
  • ШТІКУ, Қазақстан республикасы шет тілдер және іскерлік карьера университеті
  • ОАУ, Орталық Азия университеті
  • АЭҚ, Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясы
  • КазҰПУ, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
  • КазҰУ, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • НАРХОЗ
  • Каспий Университеті

Ақтау қаласы бойынша:

  • ХГТУ, Халықаралық гуманитарлық-техникалық университет
  • КГУТиИ, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
  • Қайнар университеті, Ақтау филиалы

Ақтөбе қаласы бойынша:

  • АӨМУ, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
  • БАУ, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетi
  • ҚОХУ, Қазақ-орыс халықаралық университеті

Атырау қаласы бойынша:

  • АИГИ, Атырау инженерлік-гуманитарлық институты
  • АИНиГ, Атырау мұнай және газ университеті
  • АТГУ, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

Қарағанды қаласы бойынша:

  • АЭСА, Алматы Экономика және статистика академиясы (Қарағанды филиалы) 
  • МБА, Халықаралық Бизнес Академиясы
  • КарГТУ, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
  • КГИУ, Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті
  • КЭУК, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті

Қостанай қаласы бойынша:

  • КМПУ, Ө. Сұлтанғазин атындағы қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті
  • КГУ, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
  • КИнЭУ, М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік- экономикалық университеті
  • КӘТУ, Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті
  • РИИ, Рудный индустриалдық институты

Көкшетау қаласы бойынша:

  • КМУ, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Қызылорда қаласы бойынша:

  • КМУ, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
  • Bolashaq академиясы

Павлодар қаласы бойынша:

  • ПМПУ, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті
  • ПМУ, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті 

Петропавл қаласы бойынша:  

  • СКГУ, М. Қозыбаев атындағы солтүстік қазақстан мемлекеттік университеті

Семей қаласы бойынша: 

Тараз қаласы бойынша: 

Уральск қаласы бойынша: 

  • БКАТУ, Жәңгір хан атындағы батыс қазақстан аграрлық-техникалық университеті
  • ЕжӘҚА,Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы
  • КазИТЖУ, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті

Өскемен қаласы бойынша: 

  • ШКМТУ, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті
  • ШКМУ, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті
  • КАСУ, Қазақстан-Америка ашық университеті

Шымкент қаласы бойынша: 

  • ОКМУ, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті 
Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.