Баланы басқа қалаға жіберуге бел будыңыз, бірақ өкінішке орай сізді де жұбайыңызды да жұмыстан жібермейді. Бұл жағдайда не істеу керек? Баланы жалғыз өзін немесе алып жүретін басқа адамдармен басқа қалаға немесе шетелге жіберуге бола ма және қандай көлікпен: ұшақ, автобус немесе поезд екендігінің қандай ерекшелігі бар екені туралы біліңіз.
ҚР ішінде жол жүру
Егер баланы ұшақта жіберсеңіз
Жолаушыларды, багажды және жүкті ауа көлігінде тасымалдау ережелеріне сәйкес балалар ұшақта алып жүрумен, сондай-ақ ересек жолаушыларсыз да ұша алады. Алып жүретін адам баланың ата-анасы немесе заңды қамқоршысы болмаса нотариуста расталған сенімхатты рәсімдеу қажет. Ішкі әуе жолдарында балалар 6 жастан 16 жасқа дейін ата-аналарсыз және ешкімге сеніп тапсырылмастан жіберіле алады. Ешкім алып жүрмейтін балаларды әуе компаниясы тасымалдауға тек ата-анасының (асырап алушылардың, қамқоршылардың) жазбаша өтінішінен кейін ғана қабылдай алады. Өтініште баланың ата-анасы баланы ешкімнің алып жүруінсіз жіберу айғағын растайды, сондай-ақ шет елдің атауы мен шығу мерзімі. 6 жасқа дейінгі балаларды тек кәмелетке толған жолаушылар ғана алып жүре алады.
Егер баланы поездбен жіберсеңіз
Ұшақтан айырмашылығы теміржол көлігінде 15 жасқа дейінгі балаларға алып жүретін адамсыз жүруге тыйым салынады. Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды теміржол көлігімен тасымалдау қол жүгі және теміржол қағидасына сәйкес баланың ата-анасы немесе басқа да заңды өкілі болып табылмайтын жолаушы билет кассасында немесе поездға отыруда баланы алып жүру құқығына құжатты көрсетеді (нотариалды расталған сенімхат). ҚР шегінде ата-анасының бірінің ғана сенімхаты жеткілікті. Егер бала ата-анасының бірімен жол жүрсе, онда екінші ата-ананың сенімхаты талап етілмейді. 15 жасқа дейінгі және одан үлкен балалар темір жол көлігінде ересектерсіз дербес жүре алады.
Баланың шетелге шығуы
ҚР шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кету үшін ҚР азаматтарының өздері немесе олардың заңды өкілдері тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарына мынадай құжаттарды ұсынады:
- Өтініш-сауалнама.
- Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен паспорты, он алты жасқа толмаған балалардың туу туралы куәліктері.
- Егер кететін адамның заң бойынша асырауындағы отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрса, "Неке (ерлі - зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 22-тарауында көзделген тәртіппен жасалған алименттерді төлеу туралы келісімді ұсынады. Келісімге қол жеткізілмеген кезде кететін адамдарға алименттің мөлшерін тұрақты ақша сомасында белгілеу немесе алиментті біржолғы төлеу не белгілі бір мүлікті алимент есебіне беру немесе алиментті өзге де тәсілмен төлеу не кететін адамның кету үшін заңда көзделген кедергілердің болмауы фактісін анықтау туралы соттың шешімі беріледі.
- Ата-анасымен не өзге де заңды өкілдерімен кету туралы шешім қабылданған кезде он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қорытындысы.
- Он сегіз жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары ата-анасының бірімен (қамқоршысымен, қорғаншысымен) бірге тұрақты тұруға кететін кезде Қазақстан Республикасының аумағында тұратын ата-анасының екіншісінің нотариалды түрде расталған келісімі. Келісім болмаған кезде, кәмелетке толмаған баланың кетуі сот тәртібімен шешілуі мүмкін.
- Мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
- Әскери есептен шығарылғаны және әскери билетті тапсырғаны туралы анықтама.
Осы тармақтың 3) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдарды Қазақстан Республикасының аумағында тіркеу туралы мәліметтер болмаған жағдайда кету туралы өтініш білдірген азамат олардың ел аумағында тіркелу фактісін анықтау үшін ішкі істер органдарына өтінішпен жүгінеді.
Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кететін Қазақстан Республикасының азаматтарына олардың жасына қарамастан, Қазақстан Республикасы азаматының паспорты ресімделеді. Олардың жеке куәліктері Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеген ішкі істер органдарына тапсырылады.
ҚР шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кету туралы өтiнiштi 18 жасқа толған адамдар, ал некеде тұрған адамдар 16 жастан бере алады.
ҚР шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу қағидаларына сәйкес ата-анасының бірінің келісімі болмаған кезде, кәмелетке толмаған баланың кетуі сот тәртібімен шешілуі мүмкін;
Егер екінші ата-ана басқа елде тұрса, баланың шығуына оның келісімі керек пе?
ҚР тысқары тұруға шығу үшін құжаттарды рәсімдеу ережелерінде ҚР тұратын ата-анадан келісімді ұсыну қажеттілігі ғана көзделгенін ескерген жөн. Осылайша, егер ата-ана Қазақстанда тұрмаса, бұл сияқты келісім тұрақты тұру үшін шығуда талап етілмейді.
Осы айғақты растау үшін көші-қон полициясының органына ата-анасының паспортының нотариалды расталған көшірмесін, мүмкіндігінше тіркеу бетімен немесе оның басқа мемлекетте тұратынын растаушы құжатпен бірге ұсыну керек.
Егер, нотариалды расталған келісім сұранатын жеке тұлғаның тұрғылықты тұратын орны белгісіз болса, қызмет алушы көші-қон полициясы органына "Жеке тұлғалар" атты мемлекеттік мәліметтер базасы бойынша, өтінішті бере алады.
Егер шетелде тұратын ата-ана уақытша шығуға рұқсат қажет болғанда рұқсатты беруден бас тартқан жағдайларда немесе оның тұрғылықты жері белгісіз болғанда және оның басқа мемлекетте тұратындығының дәлелі жоқ болса өтініш беруші оларды алу мүмкін еместігіне байланысты тиісті дәлелдерді сұрату туралы жүгіну қажет.