Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Өтінімге құқық белгілейтін құжаттың сканерленген көшірмесін тіркеу.
-
«Электрондық үкімет» төлем шлюзінің бетіндегі «Төлем» түймесін басу арқылы төлем жасаңыз.
-
Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін, сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.
- Жеке тұлғаны куәландыратын құжатпен және ескертумен көрсетілген уақытта «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бару.
Қызметті онлайн қалай алуға болатыны туралы бейнероликті қараңыз
Төлемді жүргізу үшін комиссия 100 теңгені құрайды
Қызмет көрсету нәтижесі
Ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдас бөліктерінің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесіне енгізу туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама;
жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама;
жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортын қоса бере отырып, жаңадан құрылған жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерінің алшақтықтарын белгілеу туралы қорытынды не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама.
Жүргізілген техникалық тексеру қорытындылары бойынша жаңадан құрылған жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерінің алшақтықтарын белгілеу туралы қорытынды ресімделеді.
Бұл ретте жылжымайтын мүліктің кадастрлық паспортын қоса бере отырып, жүргізілген техникалық тексеру қорытындылары бойынша жаңадан құрылған жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерінің алшақтықтарын белгілеу туралы қорытынды көрсетілетін қызметті беруші жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортын қоса бере отырып, қорытынды бергені үшін қосымша төлемді растайтын құжатты береді, ал заңды тұлғалармен қызмет көрсету шартын жасасу кезінде олар қол қойған орындалған жұмыстар актісі қосымша ұсынылады.



