Айдар парағына өту

Балаға ЖСН тағайындау Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 30.01.2024

2007 жылғы 13 тамыздан кейін туған балаларда ЖСН туу туралы куәліктерінде көрсетілген.

2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған, 16 жасқа толмаған, жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ және олардың туу туралы куәліктерінде ЖСН көрсетілмеген  балаларға  ЖСН  генерациялауды  ішкі істер органдары жүргізеді 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»  КЕАҚ (ХҚКО)  ата–аналарының біреуі (заңды өкілі) оның жеке басын куәландыратын құжатты, баланың туу туралы куәлігін ұсынады.  

Сонымен қатар, республикадан тыс жерлерде туған тұлғалардың туу туралы куәліктері Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері берген туу туралы куәліктерді қоспағанда, халықаралық шарттар нормаларына сәйкес болуы тиіс. Республикадан тыс жерлерде берілген туу туралы куәліктер оларды заңдастырмай немесе апостиль қоймай ЖСН генерациялау үшін негіз бола алмайды.

ЖСН генерациялау өтінім берілген күннен бастап 1 жұмыс күн ішінде жүргізіледі.

Генерацияланған ЖСН нөмірі берілген ЖСН–мен туу туралы куәлігінің қосымша парағында көрсетіледі.

2007 жылғы 13 тамыздан кейін туылған балалардың азаматтық хал актілерін тіркеу органдарымен берілген туу туралы куәлігінде ЖСН көрсетілген. 

ЖСН өмірінде бір рет берілетінін және ұл (қыз) баланы асырап алуды   тіркеу жағдайларын қоспағанда, ешқандай өзгерістерге тартылмайтынын атап өту қажет.   

Қосымша ақпарат

«Электрондық үкімет» порталында балаларға арналған бірнеше қызмет көрсетіледі, атап айтқанда:

Осы қызметтерді алу үшін мейлінше аз мәліметтер мен құжаттар қажет, сондай-ақ сіз ЖСН туралы мәлімет алу жылдам сервисін пайдалана аласыз.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.