Айдар парағына өту

Жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 23.02.2024

Мемлекеттің басым міндеттерінің бірі салық салуды нақты және сауатты басқару болып табылады, өйткені бұл процестің ұйымдастырылу деңгейіне елдің салық саясатының тиімділігі байланысты.  Салық салу - мемлекеттің ең көне функциясы және экономикалық және әлеуметтік даму жолындағы қоғам дамуының негізгі шарттарының бірі. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, көлеңкелі экономиканың мөлшерін азайту мақсатында жеке тұлғалардың табыстарына салық салуды толық көлемде әкімшілендіру міндетін шешудің маңызды шарты халықтың табыстары мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау болып табылады.

Жалпыға бірдей декларациялауға көшудің мақсаты көлеңкелі экономикамен және сыбайлас жемқорлық көріністерімен күресу үшін жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкін тиімді бақылау жүйесін құру, сондай-ақ салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауды қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлін күшейту болып табылады. Жалпыға бірдей декларациялауға көшуді қамтамасыз ету жөніндегі негізгі міндеттер:

- жалпыға бірдей декларациялауды енгізудің әдіснамалық негіздерін әзірлеу және оларды заңнамалық қамтамасыз ету; 

- мемлекеттік органдарды жеке тұлғалардың декларацияларын қабылдауға және өңдеуге дайындау бойынша іс-шаралар өткізу;

- табыс пен мүлікті декларациялаудың халыққа барынша қолайлы рәсімін жасау;

- жалпыға бірдей декларациялауға көшу мәселелері бойынша халықты кеңінен ақпараттандыру;

- декларацияны жасау және ұсыну бойынша мемлекет тарапынан халыққа әдістемелік көмек көрсету;

- жеке тұлғалардың декларацияларын камералдық бақылаудың тиімді жүйесін құру.

Кірістерді декларациялауды іске асыру мыналарға ықпал етеді:

  • көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл;
  • мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету; 
  • жеке табыс салығының салық базасын кеңейту және бюджетке түсетін түсімдерді ұлғайту;
  • Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің салық мәдениетін арттыру.

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы "Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VI ҚРЗ Заңының 45-1-бабының негізінде Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау 4 кезеңде енгізіледі.

1 кезең - 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап

  • жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар және олардың жұбайлары;
  • мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар және олардың жұбайлары;
  • мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары;
  • "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заңдарына сәйкес декларацияны ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адамдар.

2 кезең - 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап

  • Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және т. б. салаларын қоса алғанда) және олардың жұбайлары;
  • квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайлары.

3 кезең - 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап

  • заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары;
  • жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары.

Анықтама: 3 кезең шеңберінде декларацияны ұсыну жөніндегі талап уақытша тоқтатылған және әрекетсіз ҰК-ға да қолданылады.

4 кезең - 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап

  • азаматтардың қалған санаттары

Жалпыға бірдей декларациялау кезінде жеке тұлғалар декларациялардың қандай нысандарын тапсыруы тиіс?

Декларациялау жүйесіне кірген кезде активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылады (250.00-нысан).

Кейіннен халық жыл сайын кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыратын болады (270.00-нысан). 

Декларацияны ұсыну мерзімдері

Активтер мен міндеттемелер туралы декларация тұрғылықты (болған) жері бойынша ұсынылады:

  1. қағаз түрінде ұсынылған жағдайда - декларацияны ұсыну бойынша міндеттеме туындаған ағымдағы жылдың 15 шілдесінен кешіктірмей;
  2. электрондық түрде ұсынылған жағдайда – декларацияны ұсыну бойынша міндеттеме туындаған ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей.

Декларацияны табыс етудің осы мерзімдері төмендегі тұлғаларға қатысты  қолданылмайды:

  • "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сайланбалы лауазымдарға кандидаттар;
  • мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидаттар мен олардың жұбайларының;
  • Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар нарығы туралы" (http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z030000461) заңдарына сәйкес банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы болғысы келетін тұлғалар және олардың жұбайлары.

Сайланбалы лауазымдарға үміткерлер мен олардың жұбайлары декларацияны кандидат ретінде тіркелгенге дейін ұсынады. Мәліметтер ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күнінде көрсетіледі.

Мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидаттар және олардың жұбайлары лауазымға тағайындау құқығы бар лауазымды адамның (органның) лауазымға тағайындау туралы актісі шығарылғанға дейін декларацияны табыс етеді. Мәліметтер декларация табыс етілген айдың бірінші күнінде көрсетіледі.

Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы болғысы келетін тұлғалар уәкілетті органға банктің ірі қатысушысы мәртебесін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алу туралы өтініш берілген күнге дейін активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны (250.00-нысан) ұсынады. Активтер мен міндеттемелер туралы декларациядағы мәліметтер (250.00-нысан) осы декларация табыс етілген айдың бірінші күніне көрсетіледі.

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну тәсілдері:

Электрондық түрде - "салық төлеуші кабинеті" Мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталы арқылы (https://cabinet.kgd.gov.kz), "электрондық үкіметтің" порталы (egov.kz), сондай-ақ esalyq azamat мобильді қосымшасы арқылы.

Қағаз түрінде – мемлекеттік кіріс органдарына, ХҚКО-ға келу тәртібімен, сондай-ақ почта арқылы.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.