Айдар парағына өту

Қазақстанда автокөліктердің мемлекеттік нөмірлері. Жоғалған кезде алу және қалпына келтіру тәртібі Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 03.11.2023

автокөліктердің мемлекеттік нөмірлеріМТНБ немесе көлік құралдарына мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі – Қазақстандағы әр көлік құралының міндетті белгісі. 2012 жылдан бастап жаңа үлгідегі МТНБ беру халықаралық стандарт нөмірлерінің негізінде басталды. Ескі үлгідегі нөмір белгілерін беру тоқтатылған, алайда нөмірлерді міндетті ауыстыру талап етілмейді. Жаңа үлгідегі нөмірлер олар толық тозғанға дейін пайдаланылатын болады.

Автоға мемлекеттік нөмірді қалай алуға болады?

Автокөлікті сатып алуда, рәсімдеуде немесе қайта рәсімдеуде әр кезең өте маңызды, оның соңғыларының бірі автоға мемлекеттік нөмірлерді алу болып табылады. Мемлекеттік нөмірді қалай дұрыс алу керек және қажетті құжаттарды жинауда өз уақытыңызды үнемдеудің неғұрлым қолайлы тәсіл туралы аталмыш мақалада білесіз.

Автокөлікке нөмірлер алу үшін Сізге «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның филиалына жүгіну қажет.

Қажетті құжаттар:

  1. Жеке басты куәландыратын құжат .
  2. Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салық төлеуші болып табылмайтын тұлғалар үшін – салық төлеуден босату құқығын растайтын құжат.
  3. Тіркеу туралы куәлік ТС (техпаспорт)
  4. Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі (МТНБ), «Транзит» белгілері және кері шығару туралы міндеттемемен Қазақстан Республикасына енгізілген көлік құралдарының тіркеу құжаттары.
  5. Меншік құқығын растайтын келісімшарт (мәміле шарты, мәміленің жазбаша нысаны және т.б.).

Мемлекеттік баж алы

Тіркеу үшін алым - 0,25 АЕК (Қазақстан Республикасында КҚ алғашқы тіркеу жағдайларынан басқа)

Көлік құралын тіркеу туралы куәлік үшін-1,25 АЕК

МТНБ үшін:

Автомобильге - 2,8 АЕК, мотоциклге және тіркемеге - 1,4 АЕК

транзит - 0,35 АЕК

Егер сіз автоға мемлекеттік нөмірді жоғалтсаңыз

Мемлекеттік нөмірді жоғалтқан ауданда сізге табылғандар бюросына жүгіну қажет.
Әрі қарай, егер Сіздің мемнөміріңіз табылмаса, онда Сізге жаңа МТНБ алу үшін мемнөмірді жоғалту туралы ерікті түрде өтінішпен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалдарына жүгіну қажет.

Қажетті құжаттар:

  1. Жеке басты куәландыратын құжат  (+ көшірме)
  2. ТҚ тіркеу туралы куәлік (техпаспорт).
  3. Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салық төлеуші болып табылмайтын тұлғалар үшін – салық төлеуден босату құқығын растайтын құжаттар (+ көшірме).

Көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінде қолданылатын Қазақстан Республикасы облыстарының цифрлық кодтарының тізбесі

Жаңа үлгідегі мемлекеттік нөмірлері

Жеке тұлғалардың автокөліктеріне арналған нөмірлік белгілер

Заңды тұлғалардың автокөліктеріне арналған нөмірлік белгі

Жеке тұлғалар және заңды тұлғалардың мотоциклдері, мотороллерлеріне арналған нөмірлік белгі

Транзиттік нөмірлік белгі

Тіркемелерге арналған нөмірлік белгі

Дипломатиялық корпус, шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар, сондай-ақ шетелдік қатысумен кәсіпорындардың Қазақстан Республикасындағы шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінің көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.