
Неке қию-адам өміріндегі ең маңызды және есте қаларлық кезеңдердің бірі. Үйлену тойына дайындалумен қатар, болашақ жұбайларда некенің тіркелуін қалай дұрыс ресімдеу, қандай құжаттарды дайындау, қайда жүгіну және қандай нәтиже болатыны туралы сұрақтар туындайды. Бұл сұрақтарға жауаптар осы материалда жинақталған.
Егер барлық материалды оқуға уақыт жұмсағыңыз келмесе, біз сізге мақаланың барлық негізгі сәттерін қамтитын қосымша кестені дайындадық.
Қайда жүгіну қажет
|
АХАТ (АХАЖ)
|
eGov.kz порталы – онлайн-қызмет
|
Кім өтініш бере алады
|
18 жасқа толған барлық жұптар
|
18 жасқа толған, алғаш рет некеге тұратын және балалары жоқ жұптар (ҚР азаматтары)
|
Талап етілетін құжаттар
|
– Өтініш;
– Өтініш берушлердің екеуігің де жеке куәлігі;
– Мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек;
– Егер өтініш берушілердің біреуі қайта неке қияйын деп жатқан болса, некені бұзу туралы куәлік;
– Балалардың туу туралы куәлігі, бар болса;
– Шетелдіктер қосымша жеке басын куәландыратын құжаттарды және некеге құқық қабілеттілігі туралы (уәкілетті орган заңдастырылған немесе апостильденген) анықтаманы ұсынады.
|
ЭЦҚ болуы және порталда тіркелу;
Құжаттар талап етілмейді.
|
Қызмет құны
|
1 АЕК
(кез келген банктің кассасында төленеді)
|
1 АЕК
(онлайн режимінде кез келген банктің карточкасымен төленеді)
|
Тапсыру мерзімі
|
Тіркелген күнге дейін бір ай бұрын (қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді)
|
Тіркелген күнге дейін бір ай бұрын (қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді)
|
Нәтижесі
|
АХАТ-да белгіленген күні неке қию туралы куәлікті тапсыру
|
АХАТ-да белгіленген күні неке қию туралы куәлікті тапсыру
|
Кестеде қарапайым (оффлайн) және онлайн неке тіркеуге өтініш беру арасындағы айырмашылық көрсетілген. Енді әрбір тармақта толығырақ тоқталайық.
"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодекске сәйкес неке – бұл ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді туындататын, отбасын құру мақсатында Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тараптардың еркін және толық келісімімен жасалған еркек пен әйел арасындағы тең құқықты одақ.
Некені тіркеу шарттары
Некеге тұратын еркек пен әйелдің толық келісімі және олардың неке жасына, яғни 18 жасқа жетуі қажет.
Келесі адамдар арасында неке қиюға жол берілмейді:
- бір жыныстағы адамдар;
- біреуі басқа некеде тұрған адамдар;
- жақын туыстары;
- бала асырап алушылар мен асырап алынған балалар және олардың балалары;
- заңды күшіне енген сот шешімі бойынша психикалық ауруы немесе ақыл-есі кемдігі салдарынан кем дегенде біреуі әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдарға.
Қайда жүгіну қажет
Кодекске сәйкес, неке қиюды мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органдар бірлескен жазбаша өтініш негізінде жүргізеді.
Болашақ ерлі-зайыптылар тіркеуші органға бірге келуі тиіс.
Тіркеуші орган – бұл азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган, қалың бұқара оны АХАТ немесе АХАЖ деп атайды.
Сонымен қатар, егер жұп алғаш рет некеге отырса және оларда балалары жоқ болса, онда олар электрондық үкімет порталының онлайн-қызметінің көмегімен некені тіркеуге электрондық өтініш жібере алады. Ол үшін өтініш берушілердің екеуінде де ЭЦҚ болуы және оларды eGov.kz порталында тіркеу қажет. Бұл әдіс, мысалы, болашақ ерлі-зайыптылар бір қалада болмаса немесе басқа себеппен бірге АХАТ (АХАЖ)-ға келе алмайтын жағдайда ыңғайлы.
Талап етілетін құжаттар
Алғаш рет некеге тұратындар және балалары жоқ адамдар:
- өтініш (АХАТ-та толтырылады);
- өтініш берушлердің екеуінің де жеке куәлігі;
- мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек (1 АЕК).
Онлайн-өтінім беру кезінде құжаттарды ұсыну талап етілмейді – барлық мәліметтер автоматты түрде ақпараттық жүйелерден жүктеледі. Онлайн-өтініш берудің егжей-тегжейін біз материалдың соңында сипаттаймыз.
Қайта некеге тұрғандар некені бұзу туралы куәліктің түпнұсқасын қосымша ұсынады. Бірлескен балалар болған жағдайда да олардың туу туралы куәлігін ұсыну қажет.
Шетелдіктер қосымша келесіні ұсынады:
- Некелік құқық қабілеттілігі туралы анықтама.
- Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын ұсынады. Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдік Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беретін Қазақстан Республикасының Ішкі істер органы берген құжатты ұсынады. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының белгісі бар азаматтығы жоқ адамның куәлігін ұсынады. Қазақстан Республикасында уақытша болатын азаматтығы жоқ адам оның жеке басын куәландыратын, өзі тұратын елдің құзыретті органдары берген және Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарында тіркелген құжатты ұсынады. Жеке басты куәландыратын құжаттарды ұсынумен қатар, олардың мәтінінің мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасын ұсынады.
- Қажет болған жағдайда – өзі азаматы болып табылатын мемлекеттің құзыретті органынан некеге тұруға рұқсат.
- Заңнамада белгіленген некені тіркеу мерзімін қысқарту немесе ұзарту қажет болған жағдайда, мерзімді қысқарту немесе ұзарту негіздерін растайтын құжат қосымша ұсынылады: жүктілік туралы дәрігерлік-біліктілік комиссияның анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, басқа да ерекше жағдайларды растайтын анықтамалар.
Шет мемлекеттердің уәкілетті органдары берген барлық құжаттар заңдастырылған немесе құжат берілген елмен апостильденген болуы тиіс.
Өтініш беру мерзімі
Некеге тұру туралы өтініш тіркеуші органға неке мемлекеттік тіркелгенге дейін бір ай бұрын беріледі. Тиісінше, некені мемлекеттік тіркеу бірлескен өтініш берілген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң жүргізіледі.
Мерзімнің өтуі өтініш берілгеннен кейінгі келесі күні басталады және келесі айдың тиісті күнінде аяқталады. Егер бұл күн жұмыс емес күнге келсе, онда мерзімнің аяқталу күні одан кейінгі жұмыс күні болып есептеледі.
Өтініш беру күнін дұрыс таңдау, онда тіркеу күні үйлену тойларының алдын ала белгіленген күніне дәл түседі – бұл ерекше назар аударуды талап ететін маңызды сәт. Кейде, білмегендіктен немесе зейінсіздігінен болашақ ерлі-зайыптылар белгілеген күндердің сәйкес келмеуін тауып алатын сирек жағдайлар туады, бұл кейбір қиыншылықтарға әкеп соғуы мүмкін.
Өзіңізді қауіпсіздендіру және мұндай жағдайларға жол бермеу үшін күнін мұқият санап, ал егер күмән болса, онда неке тіркеуін жоспарлап отырған АХАТ өкілдерімен кеңесіңіз.
Дәлелді себептер болған жағдайда тіркеу бір ай өткенге дейін өткізілуі мүмкін не бұл мерзім ұзартылуы мүмкін, бірақ бір айдан аспайтын мерзімге ғана.
Сондай-ақ ерекше мән-жайлар (жүктілік, бала туу, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төнген және басқа да ерекше мән-жайлар) болған кезде некеге тұратын адамдардың қалауы бойынша неке қию мемлекеттік тіркеу себептерін және растайтын құжаттарды міндетті түрде көрсете отырып, өтініш берілген күні жүргізіледі.
Неке қиюды тіркеу туралы куәлік
Некеге тұру туралы куәлік ерлі-зайыптыларға некеге тұрған жері бойынша мемлекеттік тіркелген күні беріледі. Қажет болған жағдайда куәлік әрбір жұбайына берілуі мүмкін.
Куәлікті берудің нақты уақыты мен осы рәсімді салтанатты жағдайда өткізу шарты өтінішті берген сәтте алдын ала келісілетіні туралы айта кетейік.
Қазақстан азаматтарының шетелдіктермен некені тіркеу
Қазақстан азаматы мен шетелдіктің арасындағы некені тіркеу жалпы ережелер бойынша АХАТ-та не некеге тұруға тілек білдірген адам азаматы болып табылатын шет мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінде, консулдық мекемесінде жүргізіледі.
Шетелдіктермен некені тіркеу тәртібі жеке материалда егжей-тегжейлі сипатталған.
Неке қиюды тіркеуге онлайн өтініш беру туралы ары-қарай оқу
Онлайн-қызметті пайдалану үшін ЭЦҚ алу және порталда тіркелу қажет. Бұл туралы толығырақ "Порталда алғаш рет" мақаласынан біле аласыздар.
Естеріңізге сала кетейік, некеге алғаш рет кірген және балалары жоқ адамдар ғана онлайн тіркеле алады.
Порталда авторланыңыз және "Отбасы" бөлімінің "Отбасы жағдайы" бөлімшесінде орналасқан онлайн-қызмет бетіне өтіп мемлекеттік қызмет көрсету тәртібімен танысыңыз.
"Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басу арқылы сіз электрондық өтініш бетіне түсесіз. Онда жеке мәліметтерді қайта тексеріп, толтыру, болашақ жұбайының/зайыбының ЖСН көрсету, АХАТ көрсету, мемлекеттік бажды кім төлейтінін белгілеу және ЭЦҚ-мен қол қою қажет.
Мемлекеттік бажды төлеу кез келген банктің карточкасынан онлайн-ақша аударудың әдеттегі тәсілімен жүзеге асырылады. Мемлекеттік баж мөлшері – 1 АЕК. Төлемді жүргізу үшін салық органын және 910 ТМК (жалпы белгіленген тәртіп) көрсету қажет.
Сіз өтініштегі өз бөлігіңізге қатысты ақпаратты толтырғаннан кейін, ол болашақ жұбайыңызға/зайыбыңызға растауға жіберіледі Оған порталда авторланып, eGov жеке кабинетінде өтінішті тауып, оны толтырып, егер төленбесе, мемлекеттік баж салығын төлеп ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет.
Өтініш 48 сағаттан аспайтын уақытта расталуы қажет, осы уақыттан асып кетсе жойылатын болады.
Қызмет көрсету нәтижесі өтінішті қабылдау, некені тіркеу күні мен орны туралы хабарлама немесе "Тіркеуден бас тартылды" мәртебесі болады.
Өтінішті табысты қабылдаған кезде болашақ ерлі-зайыптылар көрсетілген күні мен уақытында өзімен бірге жеке куәлігін және басып шығарылған электрондық чекті алып, тіркеуші органға бірге келуі керек.