
Біздің көпшілігіміз коммуналдық мәселелермен жиі кездесеміз, кейде есептегіштерді орнату, алмастыру немесе жөндеу туралы мәселе туындайды. Аталмыш мақалада біз есепке алудың есептегіштер не үшін қажет екенін, есептегішті алмастыру қашан және қандай түрде қажет екендігі туралы айтамыз.
Есептегіштер не үшін керек?
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі азаматтық кодексінің (ерекше бөлім) 3-тармағының 484 бабына сәкес энергиямен жабдықтаушы ұйым берген және абонент алған энергия мөлшері есептеу аспаптарының көрсеткіштерімен, ал олар болмаған немесе уақытша бұзылған кезде - есеп айырысу жолымен анықталады.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының "Электр энергетикасы туралы" Заңының 1-бабының 15)-тармақшасына сәйкес коммерциялық есеп аспабы - электр қуатын, электр және жылу энергиясын коммерциялық есепке алуға арналған, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғы;
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасының м. а. 2006 жылғы 7 тамыздағы N 192-НҚ бұйрығының 3-тармағының 1) және 3)-тармақшасына сәйкес:
есепке алу аспабы – реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтыну көлемін есепке алуға арналған заңнамада белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғы;
тұтынушы - табиғи монополия және реттелетін нарық субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) пайдаланатын немесе пайдалануға үміттенген жеке немесе заңды тұлға.
Электр, жылу, газ және суды беру коммуналдық кәсіпорынмен шарт негізінде жүргізіледі. Қамтудың басты талаптары шартта белгіленген, сондықтан қолайсыздықтарды болдырмас үшін шарттың мазмұнымен мұқият танысу қажет.
Электрмен жабдықтау және жылу энергиясымен жабдықтау бойынша үлгілік шарттар 23.11.2017 ж. және 24.06.2019 ж. бекітілді.
Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңы бойынша, 27 бабының 2 тармағына сәйкес, табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушы реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) есепке алу аспаптарына ие болу міндетті.
Бұл ретте, есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормасы есептеу жолымен жүргізіледі (ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.01.2015 ж. № 15 бұйрығымен бекітілген есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеу ережесі).
Тиісінше, дәл осы есептегіштер сізді коммуналдық қызметтерды асыра төлеуден сақтайды, себебі есептегіш бойынша сіз су мен газдың тек нақты шығындалған кубтары үшін төлейтін боласыз. Бұнда есепке алу аспаптарынсыз тұтынушылар үшін тарифтер керісінше сіздің тұтынған қорларыңыздың нақты көлемінен асуы немесе көрсеткіштер өте аз болуы мүмкін, ол болашақта келеңсіздіктерге әкеледі. Мысалы – коммуналдық кәсіпорындар шамадан тым төмен немесе жоғары тұтыну көрсеткіштерінен үйде тұратын адамдардың нақты санында күмәндануы мүмкін.
Есептегішті кім орнатып, төлеуі керек
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасының м. а. 2006 жылғы 7 тамыздағы N 192-НҚ бұйрығының 5-тармағына сәйкес:
реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) есептеу құралдарын сатып алу және орнату үшін ақының (бұдан әрі - Ақы) мөлшерін Субъект есептейді және уәкілетті органмен келісіледі.
Сондай-ақ, Азаматтық кодексте, атап айтқанда 487 бабының 1-тармағында абонент өз пайдалануындағы энергетикалық желiлердiң, аспаптар мен жабдықтардың тиiстi техникалық жай-күйiн және қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, энергияны тұтынудың белгiленген режимін сақтауға мiндеттілігі бекітілген.
Сонымен бірге Азаматтық кодекстің 487 бабының 2-тармағымен энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергияны тұрмыстық тұтыну үшiн пайдаланатын азамат абонент болған жағдайларда энергетикалық желiлердiң, сондай-ақ энергия тұтынуды есептейтiн аспаптардың тиiстi техникалық жай-күйi мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мiндетi, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, энергиямен жабдықтаушы ұйымға жүктелетіні белгіленген.
"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" ҚР Заңының 7-бабының 9) тармақшасына сәйкес табиғи монополия субъектісі тұтынушылармен жасалған шарттарға сәйкес реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) есептеу аспаптарын сатып алуға және оларды тұтынушыларға орнатуға міндетті.
Заңның 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес табиғи монополия субъектісінің қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушы есептеу аспаптарын орнатуды талап етуге немесе оларды өздері сатып алуға немесе орнатуға құқылы.
Басқаша айтқанда, есептегішті орнатуды коммуналдық кәсіпорын жүзеге асыруы тиіс, әрине егер шартта өзгесі көрсетілген болмаса.
Тұтынушы ретіндегі сіздің құқықтарыңыз
- Жасалған шарттарға сәйкес электр және жылу энергиясын алуға.
- Энергия шығаратын, энергия беретін және энергиямен қамтитын ұйымдардан жасалған шарттардың талаптарына сәйкес сапасыз электр және жылу энергиясын жеткізбеумен немесе жеткізумен тигізілген нақты шығынды өтеуді талап етуге.
- Шарттарды орындаумен және жасаумен байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сотқа жүгінуге.
Бұнда сіз
- Тұтынушылардың меншігінде болған электр және энергетикалық қондырғылардың тиісті техникалық жағдайын қолдау.
- Электр және жылу энергиясын сату-сатып алу шартымен анықталған энергия тұтыну тәртіптерін сақтау.
- Жасалған шарттарға сәйкес жіберілген, берілген және тұтынылған электр және (немесе) жылу энергиясын уақытылы төлеуге, ҚР бірыңғай электр энергетикасының жүйесінде электр энергиясының стандартты жиілігін қолдауға бағытталған нормативтік талаптарды орындауға.
- Энергиямен қамту және энергия беру ұйымдарының жұмыскерлерін коммерциялық есепке алу аспаптарына, сондай-ақ электр және электр қондырғылардың қауіпсіздігі мен техникалық жағдайын бақылауды жүзеге асыру үшін мемлекеттік энергетикалық бақылау бойынша мемлекеттік органның қызметкерлеріне рұқсат беруге.
- Жіберілген, берілген және тұтынылған электр және (немесе) жылу энергиясын жасалған шарттарға сәйкес уақтылы төлеуге міндетті.
- уәкілетті орган бекіткен үлгі шарттарға сәйкес табиғи монополия субъектісімен ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түріне жеке шарттар жасасуға құқылы.
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополия субъектісі белгілеген техникалық талаптарды орындауға міндетті.
Қандай жағдайларда электр энергиясын ішінара ағытуы мүмкін
- электрмен жабдықтау шартында белгіленген мерзімде электр энергиясы үшін ақы төлеудің болмауы, сондай-ақ толық төленбеуі.
- электрмен жабдықтау шартында белгіленген электр тұтыну режимін бұзу;
- энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның бұзушылықтарды жою туралы талаптары белгіленген мерзімде орындалмаған кезде.
Сізге электр энергиясын қандай жағдайларда толығымен ағытуы мүмкін
- Энергия беру ұйымдарының желісіне электр энергиясын қабылдағыштарды өздігінен жалғағанда.
- Есепке алу құралдарынан басқа электр энергиясын қабылдағыштарды жалғау.
- Тұтынушының кінәсы бойынша энергия беру ұйымдары және басқа тұтынушылардың электр қондырғыларының қызметін бұзатын электр энергиясы сапасының көрсеткіштерінің төмендеуі.
- Коммерциялық есепке алу құралдарына энергиямен қамту және (немесе) энергия беру ұйымдарының өкілдерін жібермеу.
- авариялық жағдайда.
Егер жоспарлы техникалық жұмыстарға байланысты электр энергиясын ағыту қажет болса сізді бұл туралы үш жұмыс күні бұрын хабардар етуге міндетті (Электр және жылу энергиясын пайдалану ережелері 53-тармақ).
Электр есептегішті тексеру мен алмастыру не үшін қажет?
Электр энергиясын өлшеу және есепке алудың барлық құралдары, сондай-ақ ақпараттық-өлшеу жүйелері тексеріледі және салыстырып тексеру туралы куәлігі немесе салыстырып тексерушінің таңбасы болады (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 30.03.2015 жылғы № 246 бұйрығымен бекітілген тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану ережесінің 381-тармағы).
Есептегішті тексеру оның пайдалануға жарамдылығын анықтау үшін жүргізіледі, атап айтқанда оны есептеулердің растығын растайды немесе жоққа шығарады, сондай-ақ ол метрологиялық нормаларға сәйкестігін тексеру үшін қажет.
Қазақстан Республикасында сериялық түрде өндірілетін немесе Қазақстан Республикасының аумағына партиялармен әкелінген және мемлекеттік метрологиялық бақылау саласында қолдануға арналған өлшем құралдары пайдалануға беру алдында осы өлшем құралдарының түрін кейіннен бекіте отырып, сынауға жатады. Өлшем құралдарының типін бекіту туралы шешімді уәкілетті орган (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі) қабылдайды және белгіленген үлгідегі өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификатпен куәландырылады, оның қолданылу мерзімі оны беру кезінде белгіленеді ("өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы"Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 1-тармағы).
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасында дайындалған немесе бірлі-жарым данада әкелінген және мемлекеттік метрологиялық бақылау саласында қолдануға арналған өлшеу құралдары пайдалануға беру алдында метрологиялық аттестаттаудан өтеді.
Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы шешім белгіленген үлгідегі өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификатпен куәландырылады, оның қолданылу мерзімі оны беру кезінде белгіленеді.
Үлгіні бекіту мақсатында және бекітілген үлгіге сәйкестікке өлшеу құралдарын сынау, өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау мемлекеттік метрологиялық қызмет жүргізеді.
Метрологиялық аттестаттаудан өткен өлшем құралдары мен өлшем құралдарының бекітілген үлгісін уәкілетті орган (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі) өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізеді ("өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы"Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 9-тармақшасы).
Айта кету керек, тексеру аралығының мерзімі электр энергиясын есепке алу құралын ауыстыру үшін негіз болып табылмайды, оның нәтижесі бойынша аспапты одан әрі пайдалану немесе оны ауыстыру мүмкіндігі белгіленеді.
Егер тексеру ойдағыдай өтіп, есептегіште бәрі дұрыс болса, оған пломба (таңбасы бар) салады және осыдан кейін сіз оны пайдалануды жалғастырасыз. Егер тексеруші шебер есептегіштің жұмысында бұзушылықтарды анықтаса және ол пайдалануға жарамсыз теп танылса, қолданыстағы тексеру таңбасының бедері өшеді және пайдалану құжаттамасында тиісті жазба жасалады, ал тексеру туралы қолданыстағы сертификаттың күші жойылады және форма бойынша қолдануға жарамсыздығы туралы хабарлама беріледі.
Пайдалану қызметінің шектік мерзімі орын алған, олардың жұмыс қабілеттілігін бұзатын сыртқы (ішкі) зақымданулары бар пайдалануға жарамсыз деп танылған және тексерістен өтпеген, сынақтан немесе метрологиялық аттестаттаудан өтпеген есептегіштерді алмастыру қажет болады.
Сонымен қатар есептегіштер әр түрлі классты болады, 2,5 дәлдікті класты, МемСТа 6570-96 «Белсенді және реактивті энергиялы реактивті электр есептегіштер. Жалпы техникалық талаптар» ережелерінде 01.07.1997 жылдан бастап 2,5 дәлдікті класстағы есептегіштерді пайдалану есептегіштерді мерзімді тексерудің тексеру арасындағы бірінші интервалына дейін рұқсат етіледі.
Сондықтан егер сіздің есептегішіңіз 2,5 дәлдікті класты болса, жақын жоспарлы тексеріске дейін алмастырған жөн.
Электр есептегішін тексеру нәтижелері қалай ресімделеді?
"Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" заңының 19-бабының 6-тармағына сәйкес салыстырып тексерудiң оң нәтижелерi өлшем құралына және (немесе) пайдалану құжаттамасына басылатын салыстырып тексеру таңбасының баспа-таңбасымен және (немесе) өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификатпен куәландырылады.
Егер есепке алу аспабын тексеру нәтижесі теріс болса және ол пайдалануға жарамсыз теп танылса, қолданыстағы тексеру таңбасының бедері өшеді және пайдалану құжаттамасында тиісті жазба жасалады, ал тексеру туралы қолданыстағы сертификаттың күші жойылады және форма бойынша қолдануға жарамсыздығы туралы хабарлама беріледі.
Электр есептегіштерді тексеруді қаншалықты жиі жүргізуге болады?
Есептегіштерді тексеру – бұл есепке алу құралының жарамдылығына өзіндік сараптама. Тексеру екі себеп бойынша жүргізілуі мүмкін: жоспарлы тексеру мерзімдерінің келуінен (тексеру интервалы) немесе шартқа қатысушылардың бірінде күмән болған жағдайда (сізде немесе электр энергиясын ұсынатын компанияда).
Электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарын тексеру Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде көрсетілген мерзімде салыстырып тексеру аралық интервалға сәйкес жүргізіледі. www.kazinmetr.kz ескерту.
Кез келген есептегіш үшін не маңызды
- Оған бақылаушылардың кедергісіз қол жеткізуі үшін есептегіштерді міндетті түрде оңай қол жетімді орынға қою міндетті.
- Электр энергиясын, жылу энергиясын, су, газ және т.б. ұсыну шартымен мұқият танысыңыз. Өнім беруші мен тұтынушы арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттеу көп жағдайда шарттың мазмұнына байланысты болады.
- Есептегіштің көрсеткіштерін тұрақты түрде берген жөн. Әр аймақта көрсеткіштерді берудің өзіндік жүйесі бар, бірақ егер сіз үнемі үйде болмасаңыз сіз байланыс телефондарын біліп мәліметтерді өзіңіз бере аласыз. Бұл шара артық төлеу бойынша рәсімнің алатын уақытын және артық төлеуден сақтайды. Сонымен қатар кейбір аймақтарда дифференциалды тарифтер тұтынылатын қызметтердің нормасынан асудағы артық төлемді білдіреді, сәйкесінше көрсеткіштерді бере отырып және тоқсанына бір рет төлей отырып, сіздің мәндеріңіз айлық нормадан асады және асатын тарифтер бойынша есептелетін болады. Мәліметтерді бере отырып және ай сайын коммуналдық қызметтерді төлей отырып сома айтарлықтай аз болады.