Айдар парағына өту

Шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлік және 27 жасқа дейін және одан кейін әскери билет алу. Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 03.08.2022

Әскери

Әскери билет  азаматтың басқа да негізгі құжаты сияқты маңызды құжат болып табылады (жеке куәлік, паспорт). Оның болуы немесе болмауы оның келешектегі өміріне маңызды ықпал етуі мүмкін. Әскери билет — әскери қызметті атқаруда, сондай-ақ әскери міндеттен босатқан жағдайда немесе запасқа қабылдағанда азаматқа берілетін құжат.  

Шақыру учаскесіне тіркелу туралы куәлігін алу 

Тіркелу туралы куәлік  шақыру учаскесіне тіркелген шақырылушы -Қазақстан Республикасы азаматының құжаты болып табылады.  

Шақыру учаскелеріне тіркелген азаматтарға аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті әскери басқару органдары (ҚІББ)  шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлігін жазып береді 

Әскери есепке алу мемлекеттің қазақстандық әскердің қатарын бозбалалардың қанша санымен толықтыру мүмкін екендігі туралы түсінігі болу мақсатында жүргізіледі.   Әскери есепке алудың мақсаты,   мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігі үшін тиімді пайдалану мақсатында, әскерге шақырылушылар мен әскери міндеттілер ресурстарының сандық және сапалық құрамдарын айқындау  болып табылады.

Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды олардың тұрғылықты немесе уақытша болатын (үш айдан астам мерзімде) жері бойынша аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті әскери басқару органдары (ҚІББ) жүзеге асырады. ҚІББ жоқ елді мекендерде әскери есепке алуды ауылдардың, кенттердің, селолық округтердің әкімдері (бұдан әрі әкімдер) қамтамасыз етеді.

Ер адамдарды аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті әскери басқару органдарында бастапқы есепке алу  жыл сайын қаңтар айынан наурыз айына дейін  азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу комиссиясымен тіркеу жылында 17 жасқа толған азаматтар, жыл сайын қаңтардан наурызға дейін, ал Қазақстан Республикасының азаматтығын алған азаматтар үшін – күнтізбелік жыл ішінде   жүзеге асырылады   

   Әйелдерді әскери есепке қою олар 18 жасқа толғаннан және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен белгіленген әскери-есептік мамандыққа ие болғаннан кейін жүзеге асырылады 

Тіркеу туралы куәлікте:

жеке куәлік (сәйкестендіру үшін);

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 647-бабы бойынша азаматтардың әскери есепке алу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін айыппұлды төлегені туралы түбіртек (бұзушылық фактісі бар болған кезде) («электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатындардан басқа);

көлемі 30х40 мм екі фотосурет (фотосуреттер өтініш иесінің жасына сәйкес болуға және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, беті фотосуреттің жалпы ауданының шамамен 70%-ін алатындай жасалуға тиіс).

Әскери-дәрігерлік сараптама ережелері және Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы қағидаларға сәйкес, тексеруге (емдеуге) мұқтаж шақыру учаскелеріне тіркелуге жататын азаматтар қорғаныс істері басқармаларымен 2 тізімде ескеріледі:

1) № 1 тізімде - әскери қызметке уақытша жарамсыздар;

2) № 2 тізімде - кішігірім шектеулермен әскери қызметке жарамдылар.

Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы немесе бөлімі тіркеу туралы куәлік жазып береді, ол содан кейін әскерге шақырылушыға беріледі.  

Тіркеу туралы куәлікті алу үшін келесіні ҚІББ-ға тапсыру қажет:

  1. жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
  2. туу туралы куәліктің көшірмесі (түпнұскасы - салыстыру үшін);
  3. некеге тұру туралы куәлігінің көшірмесі (әскерге шақыру жасындағы некеде тұрған азаматтар үшін);
  4. балаларының туу туралы куәліктерінің көшірмесі (асырауында балалары бар әскерге шақыру жасындағы азаматтар үшін);
  5. білім туралы құжаттың көшірмесі (түпнұсқасы – салыстырып тексеру үшін);
  6. жұмыс немесе оқу орнынан анықтама;
  7. жұмыс немесе оқу орнынан мінездеме;
  8. көлемі 30х40 мм фотосурет – 2 дана

Бұл құжатты ҚІББ азаматтың медициналық комиссиядан өтуі және әскери есепке қойылуы кезінде береді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ шығарылып әскери билет алғаннан кейін тіркеу туралы куәлік алынады және ҚІББ--ға жою үшін беріледі.

Тіркеу куәлігін жоғалтқанда, бүлдіргенде қалпына келтіру

Жоғалған, бүлінген кезде тіркеу туралы куәлікті қалпына келтіру

Телнұсқаны беру жоғалту себебін көрсетумен шақырылушының жазбаша келісімі бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ  арқылы жүргізіледі.

Бұл ретте толтырылған өтінішке (өтініш үлгісі) :

  • тіркеу туралы куәлік иесінің кінәсы бойынша оны жоғалтқаны (бүлдіргені) үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының көшірмесі  (жергілікті әскери басқару органдарымен беріледі);
  • көлемі 30х40 мм фотосурет – 2 дана,  қоса беру қажет;

Әскери билетті алу

«Әскери қызмет және әскери қызметкерлердің мәртебесі туралы» ҚР Заңына сәйкес – бұл оның әскери қызметке  тиістілігін және әскери міндетке қатынасын анықтайтын азаматтың бірыңғай жеке мерзімсіз жеке есепке алу құжаты.

Жеке тұлғалар мемлекеттік қызметті алу үшін (бұдан әрі – қызметті алушылар) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа немесе www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық нұсқада, өтінішті толтырып (өтініш үлгісі), сондай-ақ келесі құжаттарды қоса отырып өтініш жасай алады:

  1. денсаулық жағдайы бойынша әскери есепке берілуге тиісті 27 жасқа толмаған әскери міндеттілер

әскери билетті алу:           

Тіркеу кезінде «Бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды» деп танылған адамдарға кезекті әскерге шақыру кезінде медициналық куәландырудан өту нәтижелері бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) ЖӘБО-сы облыстық әскерге шақыру комиссиясының шешімі негізінде сержант, сарбаз әскери билет береді.

Медициналық (әскери-дәрігерлік) комиссия әскери есептен шығарумен әскери қызметке жарамсыз деп таныған азаматтар әскери есепке қабылданбайды.

  • жеке куәлік (сәйкестендіру үшін);
  • тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы (бар болған кезде);
  • көлемі 30х40 мм екі фотосурет (фотосуреттер өтініш иесінің жасына сәйкес болуға және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, беті фотосуреттің жалпы ауданының шамамен 70%-ін алатындай жасалуға тиіс).

Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тіркелу орны бойынша жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады.

Әскери есепке 18 ден 27 жасқа дейінгі аралықтағы бозбалалар жататындықтан, онда әскери билет те сәйкесінше дәл осы жаста алынуы тиіс. Алайда, егер сіз әскери билет 27 жастан кейін алуды шешсеңіз, онда Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекс бойынша 5 АЕК  мөлшерінде айыппұл көзделеді.

2. Әскерге шақырудың кейінге қалдырылуына (босатылуына) байланысты әскери қызмет өткермеген және осы ЖӘБО-да әскери есепте тұрған 27 жасқа толған азаматтармен ұсынылатын құжаттардың тізбесі:

  • жеке куәлік (сәйкестендіру үшін);
  • тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы (бар болған кезде);
  • көлемі 30х40 мм екі фотосурет (фотосуреттер өтініш иесінің жасына сәйкес болуға және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, беті фотосуреттің жалпы ауданының шамамен 70%-ін алатындай жасалуға тиіс).

«Запастағы офицерлерге, сержанттарға, сарбаздарға әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) немесе олардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар осы Қағидаларға 38-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада - 7 (жеті) жұмыс күні;

аудандарда - 5 (бес) жұмыс күні.

Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді және орындау үшін жауапты орындаушыға беруді жүзеге асырады.

Орындаушының құжаттар топтамасын осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін қарауы, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін басшыға қол қоюға дайындауы Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін 2 (екі) жұмыс күні бұрын жүзеге асырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі запастағы офицерлерге, сержанттарға, сарбаздарға әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) немесе олардың телнұсқаларын беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарату:

көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс болмауы анықталған;

көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының болмауы себебінен мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы әкімшілік жауаптылыққа тарту мәселесін қарау үшін әскери есепке алу орны бойынша жергілікті әскери басқару органына келуі қажет.

Порталға өтініш жасаған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу орны туралы ақпарат жолдайды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады (порталға өтініш жасаған кезде көрсетілетін қызметті алушы таңдаған Мемлекеттік корпорация филиалы арқылы).

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағазда.  Жеке тұлғаларға мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

3. 27 жасқа толған, әскери қызмет өткермеген, бұрын әскери есепте тұрмаған және шақыру учаскесіне тіркеуден өтпеген азаматтарға ұсынылатын құжаттардың тізбесі:

  • жеке куәлік (сәйкестендіру үшін);
  • осы Қағидаларға 54-қосымшаға сәйкес нысан бойынша запастағы азаматты медициналық куәландыру картасы (әскери қызметке жарамдылық дәрежесін айқындау туралы қорытындымен бірге);
  • білімі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
  • 30х40 мм көлеміндегі екі фотосурет (фотосуреттер өтініш берушінің жасына сәйкес келуі және қатаң түрде ашық фонда толық көлемде орындалуы тиіс, адам фотосуреттің жалпы ауданының 70% - ға жуығын алуы тиіс).

4. Әскери билетті жоғалтқан және ол бүлінген кезде ұсынылатын құжаттардың тізбесі:

  • жеке куәлік (сәйкестендіру үшін);
  • әскери билеттің түпнұсқасы (бүлінген жағдайда);
  • әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 649-бабында көзделген әскери есепке алу құжатын қасақана бүлдіргені немесе жоғалтқаны үшін әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының көшірмесі не көрсетілетін қызметті алушыға байланысты емес мән-жайлар бойынша жоғалту не бүліну фактісін растайтын уәкілетті мемлекеттік органның анықтамасы;
  • 30х40 мм көлеміндегі екі фотосурет (фотосуреттер өтініш берушінің жасына сәйкес келуі және қатаң түрде ашық фонда толық көлемде орындалуы тиіс, адам фотосуреттің жалпы алаңының 70% - ын алуы тиіс);
Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.