Әскери қызметкерлерге арналған жеңілдіктер Баспаға шығару нұсқасы
Cоңғы өзгеріс: 02.08.2022Пайдалы сілтемелер:
Мемлекет шамадан тыс жүктемеде, сондай-ақ қолайсыз ауа-райы шарттарында әскери қызметті атқаруға байланысты әлеуметтік қызметкерлер үшін әлеуметтік қолдауды көздейді. Біздің ел әскери қызметкерлердің өздеріне де, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне де қажетті көмекті көрсетуге тырысады. Қазақстанда нормативтік құжаттарға сәйкес әскери қызметкерлерге белгілі бір жеңілдіктер бар. Осы жеңілдіктерді біз осы мақалада толық сипаттап береміз.
Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету
Осы Заңның мақсаттары үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің немесе әскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне:
1) зайыбы немесе жұбайы;
2) ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің баласы (балалары);
3) ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедек болған он сегіз жастан асқан баласы (балалары) жатады.
Мемлекет есебінен әскери қызмет мерзіміне тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.
Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен жүргізіледі.