Айдар парағына өту

Шетел мемлекеттерінің әскери оқу орындарына түсу Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 08.07.2020

Әскери қызыметкерлер-курсанттарды шетел мемлекеттердің әскери оқу орындарына түсіру туралы ақпарат

Іріктеуді ұйымдастыру

Әскери қызметшілерді жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетелдік ӘОО-ларда оқуға іріктеуді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы ұлттық қорғаныс университеті әскери кадрларды даярлау саласындағы халықаралық келісімдерге сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 35 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13268 болып тіркелген) Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларында көзделген тәртіппен жүзеге асырады.

Жоғары әскери білімінің білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетелдік ӘОО-ларда оқуға іріктеу оқуды шетелдік ӘОО-ларда жалғастыруға ниет білдірген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының (одан әрі – ҚР ҚМ ӘОО) бірінші курс курсанттары қатарынан іріктеу жылының 20 тамызына дейін ҚР ҚМ ӘОО бастығының атына берілген баянат негізінде жүзеге асырылады.

Баянатта әскери атағы, тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болған кезде), туған жылы мен айы, оқуға түскісі келетін шетелдік ӘОО-ның атауы (оқитын мамандығына қарамастан) көрсетіледі.

Баянатқа өмірбаян (өз қолымен жазылған), қызметтік мінездеме (еркін түрде), 3 фотосурет (бас киімсіз, өлшемі 4,5 х 6 см) қоса беріледі.

Іріктеу кезеңінен өту нәтижесімен келіспеген әскери қызметші бір жұмыс күнінің ішінде комиссияның төрағасына жазбаша өтінішпен (еркін түрде) жүгінеді.

Комиссияның хаттамасымен ресімделген өтініштің мәнісі бойынша шешімі өтініш келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде шығарылады.

Комиссияның оқуға іріктеу немесе одан бас тарту туралы шешімі әскери қызметшілердің сауалнамалық деректерін көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери білім мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесіне ұсынылады.

Оларға қатысты бөлігінде әскери қызметшілер комиссияның шешімдерімен жазбаша түрде таныстырылады.

Іріктеу тәртібі 

Кәсіби іріктеу талаптарына жауап беретін және шетелдік ӘОО-лар қағидаларына сәйкес келетін жоғары әскери білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетелдік ӘОО-ларға әскери қызметшілерді іріктеу үш кезеңде жүзеге асырылады:

  1. бірінші кезеңде – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 371 бұйрығымен бекітілген шетелдік әскери оқу орындарында даярлықтан өту үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қағидаларының 3-тармағында көрсетілген келіп түскен құжаттардың негізінде әскери қызметшілердің тізімі қалыптастырылады;
  2. екінші кезеңде – оқыту тілі бойынша тестілеу өткізіледі, онда әскери қызметші шетелдік білім беру ұйымында оқытылатын болады. Оқыту тілі бойынша тестілеу оқуға түсушілердің оқыту тілін меңгеру деңгейін айқындау үшін өткізіледі. Тестілеу сұрақтары негізгі орта білім бағдарламасын ескере отырып жасалады және 20 сұрақтан тұрады, 1 сұрақ 1 балға теңестіріледі;
  3. үшінші кезеңде – конкурстық іріктеу жүзеге асырылады. Конкурстық іріктеу ең жоғарыдан ең төменгі рейтингілік балға дейін оқуға түсушілердің рейтингісін жасауды қамтиды және оны қабылдау комиссиясы жүргізеді. Оқуға бірінші нөмірден бастап қабылдау жоспары бойынша бөлінген орындар санына сәйкес келетін нөмірге дейін рейтингіде тұрған оқуға түсушілер жіберіледі.

Іріктеудің әрбір кезеңінен тек бір рет өтуге рұқсат етіледі. Алдыңғы кезеңнен өтпеген әскери қызметші келесі кезеңге жіберілмейді.

Шетелдік ӘОО денсаулық жағдайына анағұрлым жоғары медициналық талаптар қойған жағдайларда әскери қызметшілер іріктеу жылының 20 наурызына дейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 373 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11846 болып тіркелген) сәйкес кезектен тыс стационарлық (амбулаторлық) медициналық куәландыруға жіберілуге жатады.

Егер шетелдік ӘОО-ға қабылдау шарттары осы Қағидаларда көрсетілген қабылдау шарттарынан өзгеше болған жағдайда, іріктеу Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдері мен келісімшарттары, сондай-ақ оқуға шақырулар негізінде жүргізіледі.

Қабылдаушы тарап іріктеуден өткен оқуға түсушімен қабылдаушы тараптың талаптарына сәйкестігіне әңгімелесу және/немесе емтихан өткізеді.  Оқуға түсуде әңгімелесу және/немесе емтиханның нәтижелері шешуші болып табылады.

Іріктелген әскери қызметшілерді шетелдік ӘОО-ларға жіберу Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен жүзеге асырылады.

ҚР ҚМ ӘОО-ның кадр органы шетелдік ӘОО-да оқу үшін іріктелген әскери қызметшімен ҚР ҚМ ӘОО-ға оқуға түсу кезінде жасасылған әскери қызмет өткеру туралы келісімшартқа Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығына сілтеме жасаумен одан әрі шетелдік ӘОО-ға оқуға жіберілгені туралы жазба жасайды. Енгізілген жазба іріктелген әскери қызметшіге қолтаңбасын қойғызумен жеткізіледі және жеке ісіне қоса тігіледі.

Шетелдік ӘОО-ларда оқуды жалғастыру үшін іріктелген әскери қызметшілер шетелдік ӘОО-ларға түскен ҚР ҚМ ӘОО жеке құрамының тізімдерінде қалады және әскери кадрларды даярлау саласындағы халықаралық келісімдер мен келісімшарттарға, сондай-ақ оқуға шақыртуға сәйкес тиісті ризық түрлерімен қамтамасыз етіледі.

Шетел мемлекеттердің әскери оқу орындары тізбесі   

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.