Айдар парағына өту

«Болашақ» халықаралық стипендиясы: түсу тәртібі Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 17.06.2026

студенттер«Болашақ» халықаралық стипендиясы – азаматтардың бакалавр, магистр, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуы үшін жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының күндізгі бөлімінде білім алуы, резидентурада оқуы немесе Шетелдерде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия санаттарын айқындайтын жұмыскерлердің шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтуі үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын стипендия.

1993 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен құрылған. «Болашақ» халықаралық стипендиясы түлектердің табысты мансаптық өсуі мен кәсіби өзін-өзі қалыптастыруының өзіндік кепіліне айналды.

«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері кім бола алады?

Бағдарламаға:

  • бакалавр, магистр, философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алуға;
  • резидентурада оқуға;
  • тағылымдамадан өтуге үміттенетін Қазақстан Республикасының кез келген азаматы қатыса алады.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы тағылымдамадан өту, әрбір дәрежені (бакалавр, магистр, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) алу, резидентурада оқу үшін бір рет тағайындалатынын ескерген маңызды.

Бұрын тағайындалған стипендияны пайдаланбаған және оқуға немесе тағылымдамаға кіріспеген адамдарға Әкімші алдында берешегі болмаған жағдайда «Болашақ» стипендиясын беру үшін конкурсқа қатысуға қайтадан бір реттік мүмкіндік беріледі. 

«Болашақ» бағдарламасы бойынша түсу тәртібі I кезең. Түсу үшін санаттарды анықтау

«Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында ҚР азаматтары келесі бағдарламалар бойынша түсе алады: бакалавриат, магистратура, резидентура, докторантура және тағылымдамадан өту.

Аталған білім бағдарламаларына:

  • Академиялық оқуға өз бетімен түскен үміткер;
  • Магистр дәрежесін алуға ауылдық елді мекеннен шыққан үміткерлер;
  • Магистр дәрежесін алуға инженерлік-техникалық қызметкерлер;
  • Магистр дәрежесін алуға медициналық қызметкер;
  • Магистр дәрежесін алуға мемлекеттік қызметшілерді;
  • Магистр дәрежесін алуға атом саласының қызметкерлері;
  • Атом саласының қызметкерлері философия докторы (PhD), бейіндік доктор дәрежесін алуға.

Тағылымдама.

  • Инженерлік-техникалық қызметкерлер;
  • Агроөнеркәсіптік кешен саласының қызметкерлер;
  • Жасанды интеллект пайдаланушылары;
  • Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері;
  • Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері мен қызметкерлері;
  • Медицина қызметкерлері;
  • Мемлекеттік қызметшілер;
  • Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері;
  • Мәдениет, туризм және спорт саласының қызметкерлері;
  • Судьялар мен сот қызметкерлері;
  • Атом саласының қызметкерлері.

Әр санаттың белгілі бір талаптармен сипатталатынын атап өту керек.

Бакалавр дәрежесін алу үшін өз бетімен түскен үміткерлер:

Магистр дәрежесін алуға өз бетімен түскен үміткерлер:

Магистр дәрежесін алу үшін ауылдық елдімекеннен шыққан үміткерлер:

Магистр дәрежесін алу үшін инженерлік-техникалық қызметкерлер

Магистр дәрежесін алу үшін медициналық қызметкерлер

Магистр дәрежеін алу үшін мемлекеттік қызметшілер

Магистр дәрежесін алуға атом саласының қызметкерлері

Доктор дәрежесін алуға және резидентурада оқуға үміткерлер:

Егер Сіз «Тағылымдама» санаты бойынша қатысатын болсаңыз:

II-кезең. Қажетті құжаттарды дайындау

Құжаттарды қабылдау және конкурс өткізу мерзімдерін Жұмыс органы жыл сайын бекітеді және құжаттарды қабылдау мерзімі басталғанға дейін күнтізбелік 10 (он) күн бұрын Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Оқуға түсетін үміткерлер төменде көрсетілген құжаттар пакетін дайындауы қажет:

Бакалавр дәрежесін алу үшін өз бетімен түскен үміткерлер

Магистр дәрежесін алу үшін өз бетімен түскен үміткерлер:

Магистр дәрежесін алу үшін ауылдық елді мекеннен шыққан үміткерлер, инженерлік-техникалық қызметкерлер, медицина қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, атом саласының қызметкерлері

Доктор дәрежесін алуға және резидентурада оқуға үміткерлер:

Тағылымдамадан өтуге үміткерлер:

 

«Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға түскісі келетіндер қажетті құжаттарды «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау»  «электрондық үкімет» порталы арқылы жібере алады.

1-қадам. Талаптарға сәйкес келу

2-қадам. Қажетті құжаттарды жинақтау

3-қадам. Көрсетілген мерзімде Электрондық үкімет порталы арқылы құжаттарды тапсыру

4-қадам. 3 кезеңнен тұратын конкурстық іріктеуден өту:

1-кезең – Кешенді тестілеу;

2-кезең – ТСК мүшелерімен дербес әңгімелесу;

3-кезең – Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы

5-қадам. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешімді қабылдағаннан кейін, стипендиат не оған сенімді тұлға стипендия тағайындалған күннен бастап күнтізбелік 90 күн ішінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ (бұдан әрі – Орталық) Заң қызметі департаментіне жүгініп, Орталықпен оқуды ұйымдастыру туралы шарт, сондай-ақ кепіл шартын жасасуы қажет. Шарттарды мерзімінде жасаспаған жағдайда, стипендиат «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері мәртебесінен айырылады.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.