Айдар парағына өту

Уақытша тіркеу бойынша өзекті сұрақтар Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 15.01.2020

1: Әрбір азамат тұрғылықты жері бойынша (тұрақты және уақытша) тіркелген болуы тиіс. Бұл жеке меншік тұрғын үй болса ғана немесе тұрғын үй иесінің келісімімен іске асырылыуы мүмкін. Ал егер жеке меншік тұрғын уй жоқ болса және тұрғын үй иесі өз келісімін бермей жатса не істеу керек?

Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 23, 24-баптарына сәйкес меншік иесі немесе тұрғынжайды жалдауға беруге меншік иесі уәкілеттік берген адам жалға беріліп отырған тұрғынжайда тұратын адамдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркеуге міндетті.            

Меншік иесі өзіне тиесілі тұрғын үйде, ғимаратта және (немесе) үй-жайда тұратын жеке тұлғаларды тұрғылықты жері бойынша тіркеуден бас тартқан жағдайда Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 492-бабына сәйкес меншік иесі әкімшілік жауапқа тартылатын болады.

2: Құрылыс салушының кінәсінен мемлекеттік комиссиядан өтпеген үйлерде уақытша тіркеуге қатысты, бұл ретте тұрғындарда техникалық төлқұжат ғана бар. Уақытша тіркеуден қалай өтуге болады? Егер жоқ болса, онда жауапқа тартады ма? 

Шын мәнінде, қазіргі уақытта құрылыс ұйымдары пайдалануға тапсырмаған, құрылыс салушылар салынуына қарай тұрғын үйге құқық белгілеуші құжаттарсыз заңсыз түрде тұрғындарды қоныстандырған проблемалы үйлерге байланысты мәселелер бар.

Осы құжаттардың болмауы оларға белгіленген тәртіппен тұрғылықты жері бойынша немесе уақытша тұратын жері бойынша тіркелу мүмкіндігін жоққа шығарады (ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 Қаулысымен бекітілген Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларының 4-тармағы), бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің  492-ші "Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру" бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.

Сонымен қатар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 11-бабына сәйкес жеке тұлға кiнәсi анықталған құқық бұзушылықтары үшiн ғана әкiмшiлiк жауаптылыққа жатады. Жеке тұлғаның кiнәсiз зиян келтiргені үшiн әкiмшiлiк жауаптылыққа жол берiлмейдi.

Осыған байланысты, азаматтар өздеріне байланысты емес себептер бойынша пайдалануға тапсырылмаған тұрғын үйлерде тіркеусіз тұруы кінәсіз әрекет болып табылады, азаматтардың осы санаты әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтын болады.

3: Уақытша тіркеуге тұру үшін құжаттар тізімі керек. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация​) анықтама үшін баруға, тағы қандай да бір құжаттарды жинауға немесе көші-қон қызметіне баруға керек болады ма?

Қазіргі уақытта азаматтар Мемлекеттік корпорация арқылы ғана емес, сонымен қатар электрондық үкімет порталы (ЭҮП) арқылы электрондық сұратым ресімдеп, оны өзінің және тұрғын үй меншік иесінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен растай отырып тіркеле алады.

Сондай-ақ, жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорациялардағы ішкі істер органдары автоматтандырылған режимде азаматтарды тіркеуді жүзеге асырады. 

Қазіргі таңда, уақытша және тұрақты тіркеу үшін тұрғын үй иесінің келісімі, оның жеке куәлігі (тікелей қатынасу міндетті) және тіркелетін адамның жеке куәлігі ғана қажет.

Бұл ретте, тіркеу тегін жүргізіледі. 

4: Ауруханада уақытша тіркелу Мемлекеттік корпорация​да жүзеге асырылады ма, әлде сол жерде тіркелу мүмкіндігі қарастырылған ба? Бұл үшін ғимарат иесі қажет па әлде қонақ үйлердегідей болады ма?

Қонақ үйлерде тұратындар заңнамада белгіленген жалпы негізде тіркеледі. Бұл жағдайда тіркеу жауапкершілігі қонақ үйлер иелері мен тұрушыларға жүктеледі.

Тыныс-тіршілігін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзылуы бар денсаулығы бұзылған ауруханада жатқан азаматтар қажет болған жағдайда қызметті өзінің тұрғылықты орны бойынша ала алады(ҚР ІІМ 2015 жылғы 10 сәуірдегі№ 332 бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты).

Бұл жағдайда Бірыңғай байланыс орталығы арқылы 1414 (8 800 080 7777) өтініш беру арқылы көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға барады.

Тіркеуді жүзеге асыру үшін МТК (жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын тіркеу коды) көрсете отырып мекеменің (ұйымның) өтінішін ұсыну қажет.

5. Алматы қаласында бір мекенжай бойынша тіркелген, бірақ осы қала шегінде басқа мекенжай бойынша тұратын адамға тіркелуге қажет па?

Иә, егер уақытша тұратын жері бойынша бір айдан артық тұратын болса тіркелу қажет. Тұрақты тұратын жері бойынша тіркеу сақталады

6. Балаларды уақытжа тіркеу қажет па және қай жастан бастап?

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 "Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" қаулысына сәйкес 16 жасқа толмаған балалар уақытша болатын (тұратын) жері бойынша есепке алуға (тіркеуге) жатпайды.

7. Тіркеу кезінде тұрғын үй тұрғын алаңының шаршы көлемі есепке алынады ма?

Бүгінгі таңда заңнамада бір мекен-жайға тіркелетін адамдар саны бойынша шектеулер жоқ.

Сонымен қатар, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 493-бабына сәйкес Тұрғынжай меншік иесінің немесе қарамағында тұрғынжайлар, ғимараттар және (немесе) үй-жайлар бар басқа да тұлғалардың меншiк иесiне тиесілі немесе басқа да тұлғалардың қарамағындағы тұрғынжайларда, ғимараттарда және (немесе) үй-жайларда нақты тұрмайтын жеке тұлғаларды тiркеуге жол беруi үшін жауапкершілік көзделген.

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.