Айдар парағына өту

Диплом немесе аттестатты қалпына келтіру Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 05.10.2021

дипломдарБілім алу туралы құжаттар - адам өміріндегі іргелі құжаттардың бірі, олардың болуы жұмысқа орналасуда немесе білімді жалғастыруда маңызды. Оларды кездейсоқ жоғалту сізді жүмысқа орналасу немесе екінші жоғары білімге түсу мүмкіндігінен айыра алады. Өкінішке орай құжаттарды жоғалту жағдайынан ешкім сақтандырылмаған, егер сіз білім алу туралы құжатты немесе аттестатты жоғалтсаңыз аталмыш мақалада сіз осы құжаттарды қалай қалпына келтіру керектігін білесіз.

Бірнеше жағдайды талқылайық:

  • егер жоғары оқу орнын бітіргені туралы диплом жоғалса;
  • егер орта арнайы оқу орнын бітіргені туралы диплом жоғалса (кту, лицей, колледж);
  • және ең соңында егер мектепті бітіргені туралы аттестат жоғалса.

Жоғары білім туралы дипломды қалай қалпына келтіруге болады?

 Жоғары оқу орнында  алынған жұмысқа орналасудағы маңызды құжат болып табылады және оны жоғалту жұмысқа орналасуда біраз қиындықтарға әкеледі. Сол себепті егер осы болса, бірінші кезекте оны қалпына келтіру рәсімімен айналысыңыз.

Білім туралы құжаттардың және олардың қосымшаларының телнұсқалары жойылған немесе жарамсыз болған, сондай-ақ өзінің тегін (атын, әкесінің атын) өзгерткен адамдарға беріледі.

Телнұсқаны беруге арналған негіз мыналар болып табылады:

  • құжатты жоғалтқан немесе құртып алған білім алушыдан немесе кәмелкетке толмаған баланың ата-анасынан (заңды өкілдің) білім ұйымы басшысының атына  жағдайды баяндаумен өтініш;
  • білім алушының туу туралы куәлігінің немесе жеке куәлігінің (төлқұжатының) көшірмесі;
  • білім туралы құжат при изменение фамилии (имя, отчество) и порче документа об образовании прилагается оригинал документа об образовании.

Егер дипломды сіз тұрмысқа шыққанға дейін алсаңыз, ал қазіргі кезде оны ауыстырып үлгермесеңіз, онда құжаттарға некені тіркеу туралы куәліктің көшірмесін қоса беру қажет. Алайда дипломның телнұсқасында сіздің бұрынғы тегіңіз қалады.

Телнұсқа өтініш берген күннен бастап 30 күнтізбелік күннен кешіктірілмей тегін негізде беріледі.

Білім ұйымы жойылған жағдайда жеке тұлғалар білім ұйымының орналасу орны бойынша мұрағатқа жүгінеді. Мемлекеттік мұрағат және олардың өкілдері, ведомстволық және жеке мұрағаттар берген түпнұсқаның заңды күші бар ресми құжаттар болып табылады.

Құжаттардың телнұсқалары телнұсқаны беру туралы шешімді қабылдау кезінде әрекет ететін бланкіде беріледі және оқу ісі жөніндегі орынбасар, білім ұйымының жетекшісі қол қояды.   

Құжаттың берілетін бланкінде оң жақ жоғарғы бұрышында «Түпнұсқаның орнына телнұсқа № ______» штампы қойылады.

Орта арнайы білімді аяқтау туралы дипломды қалай қалпына келтіруге болады?

Техникалық және кәсіби білім ұйымдарында алынған диплом (КТУ, лицей, колледж) жоғары білім туралы дипломды жоғалтқан жағдайдағыдай қалпына келтіріледі.

Сіз дипломның телнұсқасын беруге өтінішті жазуыңыз керек. Өтініш оқу орнының директорының атына оқу орнында белгіленген формаға сәйкес жазылады.

Білім ұйымын таратқан жағдайда жеке тұлғалар білім ұйымының орналасу орны бойынша жүгінеді.

Мектепті аяқтау туралы аттестатты қалай қалпына келтіруге болады?

Бірінші кезекте сізге өзіңіз оқыған мектепке бару қажет. Сіз мектеп директорының атына белгіленген үлгідегі өтінішті аттестатты жоғалту себебін көрсетумен жазуыңыз керек.  Аттестат телнұсқасын қалпына келтіру кезеңі бір айдан жарты жылға дейінгі кезеңді алады, сол себепті сізге оны тез арада қалпына келтіруге бастама жасау қажет.

Егер сіздің мектеп қайта құрылса, Білім басқармасына жүгініңіз, ол жерде сізді құқық иегері болған оқу мекемесіне жібереді, себебі дәл сол жерде сіздің аттестат туралы мұрағат деректері сақталады.

Оқу орнын аяқтау айғағы тиісті құжаттардың бар болуы негізінде анықталады. Мысалы, білім туралы аттестаттың расталған көшірмесі, аталмыш бітіруші сыныпта сабақ берген мұғалімдердің жазбаша куәліктері. Егер сіз басқа қалада тұрсаңыз, онда аттестатты қалпына келтіру үшін өз мектебіңізге келу қажет.

Егер сіз басқа қалада тұрсаңыз, онда аттестатты қалпына келтіру үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығымен бекітілген "Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы алуға болады.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.