Айдар парағына өту

Жеке куәлік жоғалғанда және ұрланғанда қалпына келтіру Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 18.08.2023

Жеке куәлік

Талай біз әмияндарымыз  ұрланып, өз аңсыздығымыздан сөмкелерімізді, мысалы, қоғамдық көлікте ұмытып кетіп,  жайсыз жағдайларға тап боламыз.  Бұл жағдайларда жеке нәрселермен бірге жеке куәлік, жүргізушінің куәлігі және т.б. сияқты құжаттар да жоғалады.  Осы мақала жеке куәлік  жоғалған немесе ол ұрланған жағдайда қандай шараларды қолдану қажет екендігін ойға салады.

Ең алдымен  сіз Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес (492 бап Қазақстан Республикасында тіркеусіз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру), Қазақстан Республикасы азаматтарының күнтізбелік он күннен үш айға дейінгі мерзімде жеке куәлiксiз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша  тіркеусіз тұруы   – ескерту жасауға, үш айдан астам мерзімде – 7 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатыны туралы  білуіңіз қажет.

«Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтары жеке басын куәландыратын құжаттары жоғалған  немесе ұрланған жағдайда жаңа құжаттарды алу үшін  тұрақты тіркелген немесе нақты тұрып жатқан жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорация» КЕАҚ (ХҚКО) жүгінеді. Алдын ала мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің Бірыңғай Call-орталығына 1414 нөмірі бойынша қоңырау шалып, ұсынуға қажетті құжаттар тізбесін білуге болады.

Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәлікті жоғалтқан кезде қалпына келтіруге арналған құжаттар пакеті:

  1. Жеке куәлікті  жоғалту мән-жайларын көрсете отырып, оны қалпына келтіру туралы жазбаша өтініш.
  2. Мемлекеттік баж төленгені туралы құжат   (мемлекеттік баж төлеуден босатылған адамдар растайтын құжаттарын ұсынады).
  3. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын (бар болса).

Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәлікті ұрланған кезде қалпына келтіруге арналған құжаттар пакеті:

  1. Құжатты ұрлау немесе ұрлау туралы арызды қабылдаған қылмыстық қудалау органының (аудандық полиция бөлімі) талон-хабарламасы.
  2. Мемлекеттік баж төленгені туралы құжат   (мемлекеттік баж төлеуден босатылған адамдар растайтын құжаттарын ұсынады).
  3. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын (бар болса).

Жеке куәлікті беру 15 жұмыс күн алады, бірақ азаматтың қалауы бойынша қызмет жедел көрсетілуі мүмкін: Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында 1 және 3 жұмыс күн, облыс орталықтарында 3 және 5 жұмыс күн, облыстардың аудандары мен қалалары үшін 7 жұмыс күн мерзімінде.

Егер сіз  жеке куәлікпен бірге жүргізушінің куәлігін жоғалтсаңыз, «Жүргізуші куәлігін жоғалтуына, қолданыс мерзімі өтіп кетуіне немесе тегін ауыстыруына байланысты қалпына келтіру »  атты мақалада оларды қалпына келтіру тәртібі туралы біле аласыз. 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.