Айдар парағына өту

Қалай шетелдіктерге Қазақстанда еңбең етуге рұқсат алуға болады Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 25.08.2020

Егер сіз шетелдік болсаңыз және Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істегіңіз келсе, онда осы мақалада сізге рұқсат алу үшін не істеу керектігін көрсетеміз.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өту үшін сізге жарамды ұлттық паспорт қажет, содан кейін шекара қызметі мемлекеттік шекараны кесіп өткен кезде паспортқа мөртабан қояды.

Барлық басқа процедуралар, оның ішінде уақытша тұруға рұқсат алу, ЖСН (қажетінше) беру және жеке тұлғадан жұмысқа рұқсат алу Халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚКО) жүзеге асырылады.

Уақытша орны бойынша тіркеу

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу заңнамаларын жетілдіру және жеке құқықтардың қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
2019 жылғы 27 желтоқсандағы Заңы Қазақстан Республикасына келген шетелдіктердің барлық санаттары үшін уақытша тіркеуді алып тастады.

Қазақстанға келген шетелдіктер уақытша тұруға рұқсат алмай 30 күнге дейін тұруға құқылы.

30 күннен астам уақытқа (жұмыс, оқу, емдеу, іскери иммигранттар үшін, сондай-ақ отбасын біріктіру және миссионерлік жұмыс үшін) уақытша тұруға рұқсат шығарылады.

Мемлекеттік бажды төлеу үшін ЖСН тіркеу

Жұмыс жасауға рұқсат алу үшін Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс берушіні тауып, еңбек шартын жасау қажет. Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Молдова, Грузия және Украина республикаларының азаматтары жеке тұлғаларға жәрдемақы алмай жұмыс жасауға құқылы. ЕАЭО азаматтары (Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Армения) еңбек қызметін Қазақстан Республикасының аумағында еңбек шарты негізінде рұқсатсыз жүзеге асырады.

Мемлекеттік бажды төлеу үшін Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Молдова, Грузия және Украина азаматтары ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) алуы тиіс.

Ол үшін сізге ХҚКО жүгіну қажет. Ол үшін иммигранттың өзімен бірге ұлттық паспорты болуы керек.

Жұмысқа рұқсат алу

Жұмыс жасауға рұқсат алу үшін алдымен шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың болмауы туралы медициналық тексеруден өткендігі туралы анықтаманы ұсыну қажет, фото, видео, саусақ іздерін тіркеу, осы рәсімдерден өту үшін мемлекеттік баж төлеу және медициналық сақтандыру алыңыз.

Медициналық сақтандыруды көші-қон қызметі орталығынан немесе көші-қон қызметінен алуға болады.

Фото, видео, саусақ іздерін тіркеу үшін көші-қон қызметі сізге сот-сарапшысына жолдама береді, рәсімдерден өткеннен кейін сіз кімнен куәлік аласыз.

Нәтижесінде ұлттық папорт, медициналық анықтама, криминалистік анықтама, мемлекеттік бажды төлегені туралы түбіртек, медициналық сақтандыруды Халыққа қызмет көрсету орталығына немесе Көші-қон қызметіне тапсыру арқылы сіз бір жұмыс күні ішінде жұмысқа рұқсат аласыз. Рұқсат мерзімі мемлекеттік баж төленген мерзімге байланысты, бірақ үш айдан аспайды.

Жұмысқа рұқсаттың мерзімін ұзарту

Рұқсат бір жылға дейін ұзартылуы мүмкін. Мұны істеу үшін сізге өтініш жазу керек, көші-қон қызметіне бастапқы жұмысқа рұқсат, еңбек шартының көшірмесі және мемлекеттік бажды төлегені туралы түбіртек қажет.

 

Қызметтер

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.