Айдар парағына өту

ҚР сот жүйесi Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 04.06.2020

Сот билігінің  негізгі міндеті - қоғам және мемлекет өмірінде туындайтын жанжалдар мен  дауларды шешу, бұзылған құқықтарды қайтару, құқықтық тәртіпті және заңды бұзғандарды  жазалау. Сот билігін тек сот  қана жүзеге асырады, ҚР сот төрелігін  жүргізуге ешкімнің құқығы жоқ. 

Сот жүйесі дегеніміз  Қазақстандағы барлық соттардың  жиынтығын білдіреді. Сот жүйесіне Қазақстан Республикасының Конституци ясына және Конституци ялық заңына сәйкес құрылған Қазақстан Республикасының  Жоғарғы соты және жергілікті соттары  кіреді.

Жоғарғы Сот   азаматтық, қылмыстық  және өзге де істер жөніндегі жоғары сот органы болып табылады, соттардың  қызметін қадағалауды жүзеге асырады  және сот практикасының мәселелері бойынша түсініктемелер беріп отырады 

Жоғарғы Сот Төрағадан, алқа төрағаларынан және соттан тұрады.  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасын, алқалар төрағаларын және Қазақстан 

Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларын Республика Президентінің ұсынуымен 

Сенат сайлайды. Жергілікті және басқа соттардың   төрағаларын, алқалар  төрағаларын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынымы және жоғарғы Соттың пленарлық отырысының шешімі негізінде Жоғарғы Сот Кеңесінің кепілдемесі бойыншаҚазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды. Жергілікті және басқа соттардың төрағаларын, жергілікті және басқа соттардың судьяларын Жоғарғы Сот Кеңесінің кепілдемесі  бойынша Республика Президенті қызметке тағайындайды

Жергілікті және басқа соттардың заңды күшіне енген сот актілерін оларға шағым жасаудың апелляциялық тәртібі сақталған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасының Сот актілерін кассациялық тәртіппен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қайта қарауы мүмкін.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты бірінші сатыдағы соттың ережелері бойынша азаматтық істерді қарайды және шешеді:

  • Орталық сайлау комиссиясының шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), Референдумның орталық комиссиясының шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы;
  • Бір тарапы ірі инвестор болып табылатын инвестициялық даулар бойынша азаматтық істерді бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша қарайды және шешеді.

Жоғарғы Соттың Төрағасы

Асанов Жақып Қажманұлы

Байланыстары:
Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ., Д. Қонаев көш.,39 (Жоғарғы Сот ғимараты)

Кеңсе:   +7 (7172) 71-01-80

Азаматтарды қабылдау:  +7 (7172) 71-01-75
e-mail: vsrk@sud.kz

Жергілікті соттарға:

- облыстық және оларға теңестірілген соттар;

- аудандық және оларға теңестірілген соттар жатады.

Қазақстан  Республикасында басқа да соттар, соның ішінде мамандандырылған соттар (әскери, қаржы, экономикалық, әкімшілік, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және тағы басқалар) құрылуы мүмкін.   

Мамандандырылған  соттарды облыстық немесе аудандық сот мәртебесімен   Қазақстан Республикасының Президенті құрады. 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.