Айдар парағына өту

Сот шешімін сырттай қабылдау Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 04.06.2020

Азаматтық істі қараған кезде белгілі жағдайларда сот шешімінің сырттай қаралуы мен шешімі деген ұғым бар. Осы мақалада біз осындай ұғымдардың мағыналарына егжей-тегжейлі тоқтаймыз, қай жағдайда сот шешімі сырттай қабылданады және сырттай қабылданған шешімді бұзу туралы шағым беріледі ме?

Соттың сырттай шешімі —  бұл істің сырттай қаралуы нәтижесінде сот шығаратын  құжат.

Іс мынадай жағдайларда сырттай қаралады:

  • жауапкер отырыстың болатын уақыты және орны туралы тиісті рет бойынша хабарланып, бірақ сот отырысына келмеді;
  • жауапкер келмеу себебін хабарламады және оның қатысуысыз істі қарастыруды сұрамады;
  • қуынушы істің сырттай қаралуына қарсы емес.

Егер сот отырысына келген талап қоюшы жауапкер жоқта істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға келіспесе, сот істі талқылауды кейінге қалдырады және жауапкерге жаңа сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарлама жібереді. Тиісті түрде хабарландырылған жауапкер тағы да келмей қалған жағдайда, сот талап қоюшының пікіріне қарамастан, істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарайды. Егер сот отырысына келмеген жауапкерден істі оның қатысуынсыз қарау туралы арыз келіп түссе, іс сырттай іс жүргізу тәртібімен емес, жалпы тәртіппен қаралуға жатады.

Талап қоюшы талап қоюдың нысанасын немесе негіздерін өзгерткен, талап қою талаптарын ұлғайтқан кезде сот істі осы сот отырысында сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға құқылы емес. Істі қарау талап қою арызын талап қоюдың өзгертілген нысанасымен немесе негізімен, талап қою тараптарының ұлғайтылған мөлшерімен бірге жауапкерге табыс ету үшін кейінге қалдырылады. Жаңа сот отырысында іс осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген негіздер болған кезде сырттай іс жүргізу тәртібімен қаралуы мүмкін.

Істі сырттай қараған жағдайда сот істе қатысатын тұлғалар ұсынған дәлелдерді зерттеп, олардың дәлелдерін есепке алып шешім шығарады, ол сырттай шешім деп аталады. Шешім қабылданған күннен бастап бес күн ішінде жауапкермен қуынушыға сырттай қабылданған шешімнің көшірмесін беру туралы хабарламамен қолма-қол береді.

Егер жауапкер сырттай шешім шығарған сот шешімімен келіспесе, ол осы шешімнің күшін жою туралы өтініш оны алуды тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдарын пайдалана отырып, ол түпкілікті нысанда шығарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде беруге құқылы. Өтініште келесіні көрсету қажет:

  • сырттай шешім қабылдаған соттың атауы;
  • өтініш берген жақтың атауы;
  • жауапкердің сот отырысына келмеген дәлелді себептерін куәландыратын жағдайлар туралы ақпарат және осы жағдайларды растайтын дәлелдер, сонымен қатар сырттай шешімнің мазмұнына әсер ете алатын дәлелдер;
  • өтініш берген тараптың өтініші;
  • өтінішке қоса берілетін материалдар тізімі.

Сырттай шешімнің күшін жою туралы арызға тарап немесе өкілеттігі болған кезде оның өкілі қол қояды және іске қатысатын адамдардың саны бойынша арыздың және оған қоса берілген материалдардың көшірмелерімен бірге сотқа ұсынылады. Соттың сырттай шешімнің күшін жою туралы не сырттай шешімнің күшін жоюдан бас тарту туралы ұйғарымы прокурордың өтініші бойынша шағымдануға, қайта қарауға жатпайды.

Сырттай шешімді бұзуға негіздер болу үшін жауапкер отырысқа келмегені себепті салдардан болғаны туралы дәлелді, олар туралы сотқа уақытылы хабарлай алмағаны туралы,  сонымен қатар шешімнің мазмұнына әсер болатын дәлелдерді ұсына алмағаны туралы хабарлау қажет.

Егер сот осы өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы анықтама шығарса, жауапкер сырттай шешімге анықтама шығарылған күннен бастап 15 күннің ішінде апелляциялық арыз беруге құқықты.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.