Айдар парағына өту

Қазақстан Республикасындағы Пробация Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 22.09.2020

2016 жылғы 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасының "Пробация туралы" Заңы қабылданды. Жаңа заң ылмыстық-атқару жүйесі органдарының көпжылдық тәжірибесі, ҚК-нің (Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, бұдан әрі ҚК), ҚІЖК-нің (Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексі, бұдан әрі - ҚІЖК), ҚАК (Қылмыстық-атқару кодексі, бұдан әрі - ҚАК) пробация мәселелері бойынша жаңа нормаларының талаптарына сүйенеді, сонымен қатар онда пробация саласындағы басқа елдердің тәжірибесі, халықаралық және ұлттық үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдарының, Ішкі істер органдарының мәселелері бойынша Қоғамдық кеңестің, сарапшы-құқықтанушылардың ұсыныстары ескерілген.

Пробация – санаттары заңмен айқындалған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу үшін олардың мінез-құлқын түзеуге бағытталған бақылау және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы қызмет түрлері мен жеке айқындалатын шаралар жүйесі.

Пробацияның мақсаты:

  • күдіктінің, айыпталушының мінез-құлқын түзеу; 
  • сотталған адамды әлеуметке қосу;
  • қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемесінен босатылған адамды әлеуметтік бейімдеу және оңалту арқылы қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу болып табылады.

Көрсетілген мақсатқа сәйкес мыналар пробацияның міндеттері болып табылады:

  • пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету;
  • бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалардың заңмен айқындалған түрлерін орындау;
  • бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеп жүрген сотталғандарға, шартты түрде сотталғандарға, бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандарға бақылау жасауды жүзеге асыру;
  • қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемесінде жазасын өтеп жүрген сотталған адамды босатуға дайындауға қатысу.

Пробация қызметінің өкілеттіктері  

Пробация қызметі – қылмыстық жазалардың қоғамнан оқшауламай орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ пробацияны ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі жөніндегі атқарушылық және өкімдік функцияларды жүзеге асыратын қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің органы.

Пробацияның қандай түрлері бар?

Пробацияның түрлеріне байланысты – заң оның төрт түрін ажыратады және бекітеді.

Сотқа дейінгі пробация – күдіктінің, айыпталушының мінез-құлқын түзеуге бағытталған, оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жөніндегі қызмет пен шаралар жиынтығы;

Сотқа дейінгі пробация мынадай күдіктілерге, айыпталушыларға:

  • кәмелетке толмағандарға;
  • мүгедектерге;
  • әйелдерге:  елу сегіз жастағы және одан асқан әйелдерге;

          жүкті әйелдерге;

          үш жасқа дейінгі жас балалары бар әйелдерге.

  • ерлерге: алпыс үш жастағы және одан асқан ерлерге;

          үш жасқа дейінгі жас балаларды жалғыз өзі тәрбиелейтiн ерлерге қатысты ерікті негізде қолданылады.

Сотқа дейінгі пробация өздеріне үйқамақ немесе күзетпен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған адамдарға қатысты қолданылмайды.

Үкімдік пробация – бас бостандығын шектеуге сотталған, сондай-ақ шартты түрде сотталған адамдарға қатысты пробациялық бақылау белгілеу мен оны жүзеге асыру және оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жөніндегі қызмет пен шаралар жиынтығы.

Пенитенциарлық пробация – қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жүрген адамдарды әлеуметке қосу жөніндегі қызмет пен шаралар жиынтығы.

Пенитенциарлықтан кейінгі пробация – қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінен босатылған адамдарға қатысты пробациялық бақылау белгілеу мен оны жүзеге асыру және оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жөніндегі қызмет пен шаралар жиынтығы.

Пробацияны жүзеге асыру нысандары

1. Пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға пробациялық бақылау және әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету нысандарында пробация жүзеге асырылады.

2. Пробациялық бақылау пробация қызметінің есебінде тұратын адамдардың өздеріне заң мен сот жүктеген міндеттерді орындауына бақылауды жүзеге асыру бойынша пробация қызметінің және полицияның жұмысын білдіреді.

3. Әлеуметтік-құқықтық көмек – пробацияны жүзеге асыратын субъектілер әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасы негізінде іске асыратын, өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарды әлеуметке қосуға, әлеуметтік бейімдеуге және оңалтуға бағытталған шаралар кешені.

Кәмелетке толмаған адамға қатысты пробацияны жүзеге асыру ерекшеліктері   

Кәмелетке толмаған адамға қатысты пробация:

      1) оның дара және жас ерекшеліктері ескеріле отырып;

      2) отбасын тарта отырып;

      3) қорғаншылық немесе қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын органдармен және бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдармен өзара іс-қимыл жасай                  отырып;

      4) азаматтармен, қоғамдық бірлестіктермен және өзге де заңды тұлғалармен кәмелетке толмаған адамға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасай отырып                  жүзеге асырылады.

Пробация қызметі: 

  • бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға сотталған;
  • шартты түрде сотталған кәмелетке толмаған адамға қатысты пробациялық бақылауды жүзеге асырады.
Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.