Айдар парағына өту

Қазақстан Республикасының сот жүйесі Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 18.02.2026

судьяның балғасы және әділеттілік таразыСот билiгi

Сот билігінің негізгі міндеті - қоғам және мемлекет өмірінде туындайтын жанжалдар мен дауларды шешу, бұзылған құқықтарды қалпына келтіру, заңдардың талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту.

Қазақстан Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған алқа заседательдерi арқылы соттарға ғана тиесiлi.

Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады. Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етедi.

Әркiмге мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды және өзге де адамдардың Республиканың Конституциясында және заңдарында көзделген құқықтарға, бостандықтар мен заңды мүдделерге нұқсан келтiретiн немесе оларды шектейтiн кез келген заңсыз шешiмдерi мен iс-қимылдарынан сот арқылы қорғалуға кепiлдiк берiледi.

Ешкiмдi де оның iсiн заңның барлық талаптары мен әдiлеттiлiктi сақтай отырып құзыреттi, тәуелсiз және алаламайтын соттың қарау құқығынан айыруға болмайды.

Сот билiгi азаматтық, қылмыстық және заңда белгiленген өзге де сот iсiн жүргiзу нысандары арқылы жүзеге асырылады.

Сот жүйесi

Қазақстан Республикасының сот жүйесiн Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Конституциясына және осы Конституциялық заңға сәйкес құрылатын жергiлiктi және басқа соттар құрайды.

Қандай да болмасын атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол берiлмейдi.

Жергiлiктi соттарға мыналар жатады:

  1. облыстық және оларға теңестiрiлген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары);
  2. аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық сот, ауданаралық сот).

Қазақстан Республикасында басқа соттар, оның ішінде кассациялық, мамандандырылған (әскери, қаржылық, экономикалық, әкiмшiлiк, кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi және басқа) соттар құрылуы мүмкін.

Мамандандырылған соттарды облыстық немесе аудандық сот мәртебесімен Қазақстан Республикасының Президенті құрады.

Кассациялық соттарды өңіраралық сот мәртебесімен Қазақстан Республикасының Президенті құрады.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа соттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы мен өзiнiң атауы бейнеленген мөрi болады.

Қазақстан Республикасының сот жүйесіне кірмейтін "Астана" халықаралық қаржы орталығы сотының ерекше мәртебесі болады.

Жоғарғы Соттың Төрағасы
Мерғалиев Асламбек Амангелдіұлы
Мекен-жай:
Астана қаласы, Д. Қонаев көшесі, 39 (Жоғарғы Сот ғимараты)
1401 – қалалық нөмірден тегін
8 (7172) 710-000 – ұялы нөмерлерден ақылы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының https://sud.gov.kz интернет-ресурсының «Азаматтарды қабылдау» бөлігінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының жеке қабылдауына электронды түрде жазылу мүмкіндігі іске асырылған.
Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.