Айдар парағына өту

Шетелге шығатын ҚР азаматтары үшін жадынама Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 08.09.2020

Бұл жадынама ҚР-ның шет елдерге шығатын азаматтарына арналған және шетелдегі саяхат кезінде қиындықтарға ұшырамау үшін жалпы қағидалар мен кеңестерді қамтиды.

Сапарға дайындық

Шетелге шығар алдында, ең алдымен, жол құжаттарыңыздың дұрыстығын тексеріп алған жөн. Әсіресе, паспорттағы тегіңіздің, атыңыздың, әкеңіздің атының (латын тіліндегі транслитерациясы да), туған күніңіз бен туған жеріңіздің, балаларыңыз туралы мәліметтердің, паспортыңыздың аяқталу мерзімінің (паспорттың мерзімі сапар аяқталғаннан кейін кем дегенде 6 айға дейін жарамды болу керек) дұрыс жазылғанына көз жеткізіңіз.

Жолға аттанар алдында туыстарыңыз бен достарыңызға өзіңіздің сапарыңыз бен баратын жеріңіз туралы айтып, байланыс телефондарыңызды тастап кетіңіз.

Egov.kz порталының «Шетелге шығу» бөлімде көрсетілген баратын елдегі ҚР-ның елшілігі немесе консулдық мекемесінің телефондарын жазып алыңыз.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» кодексінің 343-бабының 1-тармағы 7) тармақшасында белгіленгендей, егер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына бір уақытта әкелу немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан бір уақытта әкету кезінде мұндай қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) жол чектерінің жалпы сомасы кеден органына жолаушыларға арналған кедендік декларацияны ұсынған күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша он мың АҚШ долларына баламалы сомадан асып кетсе, қолма-қол ақша қаражаты және (немесе) жол чектері кедендік декларациялауға жатады.

Еуразиялық экономикалық одақ Алқасының 2019 жылғы 6 тамыздағы №130 «Ақша құралдарын және (немесе) ақша құралдарын растайтын құжаттарды ұсыну туралы» шешімімен, егер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына бір уақытта әкелу немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан бір уақытта әкету кезінде мұндай қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) ақша қаражаттарының жалпы сомасы кеден органына жолаушыларға арналған кедендік декларацияны ұсынған күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша 100 он мың АҚШ долларына баламалы сомадан асып кетсе онда ақша құралдарын және (немесе) ақша құралдарын растайтын құжаттарды ұсынумен жолаушылар кедендік декларациясымен алып жүру белгіленген. Бұл шешім 2020 жылғы 3 ақпанда күшіне енді

Бірақ басқа шет мемлекетке кіру кезде декларациялауды қажет етпейтін ақша көлемін сұрап алыңыз.

Баратын елдерде өзіңізге қажетті дәрі-дермектердің бар-жоғын алдын ала біліп алыңыз. Кейбір жағдайларда Қазақстанда оңай сатып алуға болатын дәрілерді шет елдерде шығара бермейді немесе оларды тек дәрігердің рецептімен ғана сатып алуға болады.

Ауа райы ыстық елдерге баратын болсаңыз, алдын ала егілген жөн. Тропикалық елдерге баратындарға күл ауруына, сіреспеге, полиомелитке қарсы егілген дұрыс. Африка (Сахарадан оңтүстікке қарай) мен Латын Америкасына барар алдында безгекке қарсы міндетті түрде егілу керек. Меккеге баратындарға делбеге қарсы егіліп алған жөн. Африка мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде ұзақ уақыт болатын болсаңыз В гепатитіне қарсы егілген дұрыс.

Шетелге оқу, жұмыс істеу немесе тұрақты тұру үшін бара жатсаңыз, құжаттарыңызды заңдастырып немесе апостил қойғызып алған жөн. Бұл, ең алдымен, білім туралы құжаттарға, АХАЖ мекемелері берген куәліктерге, мүліктік қатынастар мен әлеуметтік қамтамасыз ету құжаттарына қатысты.

Көп елдерде азық-түлік тағамдарын, спирттік ішімдіктерді, темекі өнімдерін алып кіруге шектеулер қойылғанын немесе тыйым салынғанын ескеру қажет. Мысалы, мұсылман елдерге қандай да болмасын спирттік ішімдіктерді алып кіруге болмайды.

Шетелде болатын мерзімге сәйкес дәрігерлік сақтандыру полисін алуды ұмытпаңыз. Ол саяхат кезінде жазатайым оқиға мен сақтандыру полисінде көрсетілген аяқ астынан болған медициналық шағындардан сақтануға мүмкіндік береді.

Виза алу

Жолда

Шетелде болғанда

 

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.