Айдар парағына өту

Аттестаттың телнұсқасы Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 05.10.2023

Негізгі орта білім туралы аттестаты, жалпы орта білім туралы аттестаты және оларға қосымшалардың телнұсқалары (бұдан әрі – телнұсқа) жоғалған немесе бүлінген құжаттардың орнына беріледі.

Құжаттың телнұсқасын беру үшін мыналар негіздеме болып табылады:

  1. Құжатын жоғалтқан немесе бүлдірген білім алушының немесе кәмелет жасқа толмаған баланың ата-анасының (заңды өкілінің) білім беру ұйымы басшысының атына оның мән-жайы баяндалған жазбаша өтініші.
  2. Білім алушының туу туралы куәлігі немесе жеке куәлігі (паспорты) және (немесе) цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаты (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).
  3. Тегі (аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген және білім туралы құжат бүлінген жағдайда білім туралы құжаттың түпнұсқасы қоса беріледі.

Телнұсқа өтініш берілген күннен бастап 15 жұмыс күнінен кешіктірілмей тегін негізде беріледі.

Білім беру ұйымдары жабылған жағдайда жеке тұлғалар білім беру ұйымының тұрғылықты орны бойынша архивке жүгінеді. Мемлекеттік архивтер мен олардың филиалдары, ведомстволық және жекеменшік архивтер берген көшірмелер мен үзінділер түпнұсқалық заңды күші бар ресми құжаттар болып табылады.

Құжаттардың телнұсқалары телнұсқа беру туралы шешім қабылданған сәтте қолданыста болған үлгідегі бланкілерде беріледі және оларға білім беру ұйымының басшысы, оның оқу ісі жөніндегі орынбасары қол қояды.

«Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі-мемлекеттік қызмет) негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары көрсетеді

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:

  1. Негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарының кеңсесі;
  2. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  3. «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет электрондық және (немесе) қағаз нысанда көрсетіледі.

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.