Айдар парағына өту

Тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеу Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 19.12.2023

картадағы белгі

 Қазақстан Республикасының әрбір азаматы тұрғылықты жері бойынша тіркелуі тиіс. Қазақстанда халықты тұрғылықты және уақытша тұрғылықты жері бойынша есепке алу заңнамада көзделген.

Тұрғылықты жері бойынша тіркеудің 2 түрі бар - тұрақты және уақытша.

  • Тұрақты тіркеу - бұл тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеу.
  • Уақытша тіркеу - бұл азаматтың 1 айдан астам уақыт уақытша болу (тұру) орны бойынша тіркелуі.

Қазақстан Республикасының 14 жасқа толған азаматтары тұрғылықты жері бойынша (тұрақты) тіркелуі қажет (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 ақпандағы № 30 қаулысымен бекітлген). "Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы №1427 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулыда 14 жасқа дейінгі балаларды тіркеудің күші жойылды).

Бұл тарауда  "уақытша тіркеу" ұғымына, ол қалай және қандай жағдайларда рәсімделетініне толығырақ тоқталамыз.

Қазақстан Республикасының "Халықтың көші-қоны туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңдарында азаматтардың уақытша болатын жері бойынша тіркелу міндеті, сондай-ақ меншік иелерінің немесе тұрғын үйді жалға беруге уәкілеттік берілген тұлғалардың онда тұратын азаматтарды уақытша тіркеу міндеті көзделеді.

 Бұндай тіркеу ережелері тұрғылықты жерін уақытша өзгерткен азаматтарға қатысты. Қонаққа келген адамдар, сондай-ақ басқа да істер бойынша бір ай мерзімге келген тұлғалар тіркелмеуіне болады, өйткені олар уақытша тұрғындар.

"Уақытша тұрғындар" ұғымы "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2 - бабында айқындалған (уақытша тұрғындар-жалдаушы (тұрғын үйдің меншік иесі, тұрғын үй кооперативінің мүшесі) олардан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін ақы алмай, тұрғын үйде уақытша тұру құқығын берген азаматтар).

Уақытша 1 айдан астам мерзімге келген   азамат 10 күн ішінде тіркелуі міндетті.

 

Қайда тіркелуге болады және уақытша тіркеу үшін қандай құжаттар қажет?

Азаматтар уақытша келген жері бойынша тіркеуді Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері Халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО) немесе "электрондық үкімет" порталы арқылы жүзеге асырады. Тіркеу рәсімі 10-15 минутты алады. Мәліметтер дереу ақпараттық жүйеге енгізіледі де, бір мезетте "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорына беріледі. Тіркелу үшін электрондық сұрау салу "Электрондық үкімет" порталы арқылы  берілген кезде "Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеу" қызметі таңдалады. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы және  "Жеке кабинетте" тіркеуге келісімге қол қою үшін тұрғын үй иесінің электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы қажет.  Уақытша келген (тұратын) жеріне тіркелу портал арқылы онлайн режимінде жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта ХҚКО-ға уақытша тіркелуге  өтініш білдіру кезінде келесі құжаттар қажет:

  • МТК коды көрсетілген жалға алушы иесінің (немесе жалға алушыны тіркеуге нотариалды куәландырылған сенімхаты бар сенімді тұлғаның) келісімі;
  • тұрғын үй иесінің жеке басын куәландыратын құжат (міндетті түрде өзі болуы керек);
  • тіркелетін тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат.

Уақытша келген жеріне тіркелу меншік құқығын алуға негіз болмайды және тұрғын үйге үміткер болу құқығын бермейді.

Уақтыша тіркеу ережелерін сақтамау неге алып келеді?

Уақытша келген жерге тіркелмеген азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Уақытша келген жеріне бір айдан астам уақыт тіркелмегені үшін 7 АЕК мөлшерінде айыппұл санкциялары қолданылады. Пәтерлерді жалға беретін және жалға алушыларды тіркемейтін жалға берушілер де әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Айыппұл сомасы 10 АЕК құрайды (бұл ретте бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл – 20 АЕК құрайды)

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.