Айдар парағына өту

Қазақстандағы келісімшарт бойынша әскери қызмет Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 06.04.2023

Әскери шеру

Келісімшарт бойынша әскери қызмет – бұл мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ғана емес, кәсіби өсу перспективасын беретін, әскери қызметшінің өзінің, оның отбасы мүшелерінің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін абыройлы жұмыс. Біздің мақаламыз Қарулы Күштердің қатарына түсуге ниет білдірген азаматтар үшін ғана емес, сонымен қатар келісімшарт бойынша әскери қызмет деген не және оның қандай мүмкіндіктері бар деген мәселе толғандыратындар үшін де пайдалы болады.

Келісімшарт бойынша әскери қызмет ерікті негізге негізделеді.

Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге ниет білдірген адамдар міндетті түрде ҚР азаматы болуға және мынадай талаптарға жауап беруге тиіс:

  • қажетті жеке, моральдық және кәсіби қасиеттерге, білім деңгейіне ие болу, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды болу;
  • курсанттарды, кадеттерді қоспағанда, он сегіз жастан кіші болмау және олардың әскери қызметте болудың шекті жасына толуға:

келісімшарт бойынша әскери қызметке алғаш кіргендер үшін – он екі жыл алты ай;

келісімшарт бойынша әскери қызметке қайта түсушілер және қатардағы және кіші сержанттық құрамдардың әскери атақтары бар адамдар үшін – он екі жыл алты ай;

келісімшарт бойынша әскери қызметке қайта түсушілер және кіші офицерлік және аға сержанттық құрамның әскери атақтары бар адамдар үшін-он жыл;

келісімшарт бойынша әскери қызметке қайта түсушілер және аға офицерлік немесе жоғары сержанттық құрамның әскери атақтары бар адамдар үшін – бес жыл;

келісімшарт бойынша әскери қызметке алғаш кіретіндер немесе сарбаздар (матростар) құрамының және кіші сержанттар құрамының лауазымдарына тағайындалу үшін – он бес жас;

кіші офицерлер және аға сержанттар құрамдарының лауазымдарына тағайындалу үшін – он жас;

аға офицерлер немесе жоғары сержанттар құрамдарының лауазымдарына – бес жас қалғанға дейін;

  • әйелдерді қоспағанда, мерзімді әскери қызметті өткеруге не әскери кафедрада оқудан немесе әскери-техникалық мамандарды даярлау бойынша Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери даярлықтан өтеулі негізде өту.

Мерзімді әскери қызметті өткерген және орта кәсіби білімі бар азаматтар сержанттар (старшиналар), сарбаздар (матростар) құрамдарының лауазымдарына келісімшарт жасаса алады.

Қазіргі кезде келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің 10%-дан астамын әйелдер құрайды. Әйелдер операторлардың, байланысшылардың, дәрігерлердің, қаржыгерлердің лауазымдарына және басқа да мамандықтар бойынша  лауазымдарда әскери қызмет өткереді.

Келісімшарт қызметіне қабылдау үшін сізге тұрғылықты жеріңіз бойынша жергілікті әскери басқару органдарына (әскери комиссариаттарға) өтініш білдіру қажет.

Келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау рәсімі мынадай кезеңдерден тұрады:

  • келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін қажетті құжаттарды қабылдау;
  • медициналық куәландырудан өту;
  • дене шынықтыру дайындығы деңгейінің сәйкес келуін анықтау;
  • кәсіби даярлық деңгейін және тағайындау үшін қаралып отырған әскери лауазым әскери-есептік мамандығының (білімінің) сәйкес келуін айқындау;
  • психологиялық тұрғыдан жарамдылыққа тексеруден өту.

Келісімшарт бойынша қызметке кіру үшін қажетті құжаттардың тізбесі.

  1. өтініште:
  • тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы және жылы, тұрғылықты жері;
  • азамат келісімшарт жасауға ниет білдірген уәкілетті органның, әскери бөлімнің (мемлекеттік мекеменің) атауы;
  • келісімшарт жасасу көзделетін мерзім көрсетіледі;
  1. сауалнама деректері;
  2. өз қолымен жазылған өмірбаян;
  3. жеке басын және азаматтығын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі;
  4. білімі туралы құжаттардың көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған көшірмелер);
  5. бар болған кезде еңбек кітапшасының көшірмесі;
  6. сотталмағандығы туралы анықтама;
  7. кірістері туралы декларацияны салық органының қабылдағаны туралы анықтама;
  8. соңғы қызмет (жұмыс немесе оқу) орнынан мінездеме.

Кандидатты медициналық куәландырудан облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органының тұрақты жұмыс істейтін медициналық комиссиясы өткізеді.

Іріктеу комиссиясы кандидат білімінің ол қаралып отырған әскери лауазымның әскери-есептік мамандығына және оның дене шынықтыру дайындығының сәйкес келуін тексереді.

Кәсіби және психологиялық іріктеу жөніндегі іс-шараларды тиісті мамандар жүргізеді. Бұл ретте тексерілетін кандидаттардың зияткерлік даму деңгейі, әскери қызмет өткеруге психологиялық тұрғыдан жарамдылығы, әскери қызмет үшін қажетті кәсіби және жеке басының қасиеттері бағаланады.

Психологиялық іріктеу нәтижелері бойынша келісімшарт бойынша әскери қызметке кандидаттың жарамдылығы туралы мынадай қорытындылардың бірі шығарылады:

  • «ұсынылады»;
  • «ұсынылмайды».

Егер сіз қазіргі кезде әскерге шақыру бойынша қызмет өткеріп жүрсеңіз және келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруді қаласаңыз әскери бөлімнің командиріне баянат беруіңіз қажет.

Әскери бөлімнің командирі баянатты қарайды және 10 жұмыс күні ішінде ол бойынша шешім қабылдайды.

Әскери бөлімнің командирі баянатты қарап:

  • кандидатты медициналық куәландырудан өткізу туралы;
  • кәсіби және психологиялық іріктеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы;
  • арнайы тексеруді жүргізу туралы;
  • психологиялық-физиологиялық және полиграфологиялық зерттеулер жүргізу туралы;
  • кандидаттың білім, кәсіби және дене шынықтыру дайындығы деңгейінің сәйкес келуін тексеру туралы;
  • әскери бөлім әскери қызметшінің кандидатурасын іріктеу комиссиясының қарауы туралы нұсқаулар береді.

 

Талаптарға сәйкес келуі туралы шешімді әскери бөлімнің командирі қабылдайды және оның тікелей бастығы бекітеді.

 

Келiсiмшарт бойынша әскери қызметке:

  • сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабілеті шектеулi деп таныған;
  • әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысына сәйкес әскери қызметміндеттерін орындауға кедергі келтiретін ауруы бар;
  • сот белгілі бір мерзім ішінде мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан айырған;
  • әскери қызметшінің әскери қызметте болуына байланысты заңдарда белгіленген шектеулерді және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өзіне қабылдаудан бас тартқан;
  • қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталған немесе Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған;
  • әскери қызметке кіргенге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;
  • тізбесін уәкілетті органның басшысы бекітетін лауазымдар үшін психологиялық-физиологиялық немесе полиграфологиялық зерттеуден не медициналық куәландырудан өтпеген;
  • қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін өзіне қатысты соттың айыптау үкімі шыққан немесе қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған;
  • мемлекеттік немесе әскери қызметтен, арнаулы мемлекеттік органдардан, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан терiс уәждер бойынша шығарылған;
  • арнайы тексеруден өтпеген және (немесе) өзі туралы не өзінің жақын туыстары (ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) туралы немесе жұбайы (зайыбы) және оның жақын туыстары туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлаған;
  • уәкілетті органның басшысы бекіткен дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді орындамаған;
  • келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін адамға қатысты арнайы тексеру жүргізіледі

Сондай-ақ:

  • мәліметтерді ұсынбау немесе бұрмалау;
  • кандидаттың әскери-есептік мамандығы бойынша бос лауазымдардың болмауы;
  • психикалық-физиологиялық және полиграфологиялық зерттеулердің теріс нәтижелері келiсiмшарт бойынша әскери қызметке кiретiн адамнан бас тарту үшін негiздер болып табылады.

Сізді келісімшарттық қызметке қабылдады ма – келісімшарт жасаңыз!

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.